Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы наурыз айынан кейін бірінші рет спортшылардың әлемдік рейтингін жаңартты. Пандемияға дейінгі жарыстарда тәуір нәтиже көрсетіп жүрген екі отандасымыз рейтингтегі орнын сақтап қалды.
Әлемнің ең үздік теннисшілерінің алғашқы үштігінде еш өзгеріс жоқ. Наурыз айына дейін рейтинг көшін бастап келген аустралиялық Эшли Барти өз орнында қалды. Одан кейінгі орында румыниялық Симона Халеп және чех спортшысы Каролина Плишкова тұр.
Қазақстанның бірінші және екінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да бұрынғы орындарын сақтап қалды. Рыбакина 17, Путинцева 33-орынға жайғасқан. Ал Зарина Диас екі сатыға төмендеп, 66-орынға тұрақтады. Сондай-ақ жұптасып өнер көрсету бәсекесінде Қазақстан өкілі Галина Воскобоева 61-орыннан 62-орынға, Анна Данилина – 126-орынға (-1), Путинцева – 171-орынға (-1) сырғыды.