Бұл күндері жеңіл атлетикадан Монакода «Гауһар лигасының» бірінші кезеңі өтіп жатыр. Кезекті жарыс күнінде угандалық атлет Джошуа Чептегеи 5 мың метрге жүгірудің финалдық бәсекесінде өнер көрсетіп, 2004 жылдан бері өзгермей келе жатқан әлем рекордын екі секундқа жаңартты.
23 жастағы Джошуа Чептегеи белгіленген 5000 метр қашықтықты 12 минут, 35, 36 секунд ішінде жүгіріп өткен. Осылайша Чептегеи эфиопиялық жеңіл атлет, 3 дүркін Олимпия ойындарының чемпионы Кененис Бекеленің 2004 жылдың 31 мамырында Нидерландтың Хенгело қаласында өткен жарыста орнатқан рекордын жаңартты. Сол жылы 22 жаста болған эфиопиялық желаяқ 5 мың метрді 12 минут, 37,35 секундта басып өткен.