• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 21 Тамыз, 2020

Финалға шыққандар белгілі

123 рет
көрсетілді

Футболдан Чемпиондар лигасының екінші финалисі белгілі болды. Жартылай финалда Францияның «Лион» клубын ірі есеппен жеңген Германияның «Бавариясы» финалға жолдама алды.

Лиссабондағы бір ойыннан тұрған бәсекеде «Бавария» «Лион» қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Бірінші таймда Серж Гнабри дубль авторы атанса, екінші таймның соңғы минуттарында Роберт Левандовский бір гол соғып, Мюнхен командасына жеңіс сыйлады. Енді бас жүлде үшін өтетін матч­та Бундестим клубы Францияның тағы бір командасы – ПСЖ-мен кездеседі.

«Бавария» финалға дейін «Челси» (7:1), «Барселона» (8:2) және «Лион» (3:0) командаларын жарыс жолынан шығарса, ПСЖ «Боруссия Д» (3:2), «Аталанта» (2:1) және «Лейпциг» (3:0) клубтарынан басым түскен.

Айта кетейік, «Бавария» осымен Чем­пиондар лигасының финалына 11 мәрте жол­дама алып отыр. Соның бесеуінде «қос құлақты» кубокты басынан асыра көтерген. Ал ПСЖ тарихта тұңғыш рет финалға жолдама алды. Екі клуб арасындағы финалдық матч тамыздың 23-нен 24-не қараған түні «Эштадиу да Луш» стадионында өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.