• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Тамыз, 2020

Індетке байланысты талаптар күшейді

120 рет
көрсетілді

Халықаралық дзюдо федерациясы жарыс кезінде қатаң сақталатын талаптар тізімін жария етті. Жарысқа қатысушылардың барлығы да ережеден аттамауы тиіс.

Турнир алдында спортшылар, ресми тұлғалар, бапкерлер мен басқа да қатысу­шыларға коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсыру міндеттеледі. IJF мәліметінше, жарысқа қатысушылардың барлығы кейінгі 14 күнде қандай да бір ауру белгілерінің жоқ екендігін дәлелдейтін, COVID-19 теріс нәтижесін көрсететін меди­циналық анықтама әкелуі тиіс.

Сондай-ақ елге және тұрғын үйге кірерде және жарыс өтетін аумақтың барлығында дене қызуы сәт сайын өлшеніп тұрады. Маска тағу татами мен жаттығу залдарынан басқа жерлердің барлығында міндеттеледі.