• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Тамыз, 2020

Мұқтаж жандарды қолдайтын қор құрылады

163 рет
көрсетілді

Өзбек билігі дағдарыс кезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар үшін дейін қосымша қаржыландыру көзін құруға шешім қабылдады.  

Қор жұмысы 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін жасақталып,   жұмысын бастауы керек.  

Сарапшылар Өзбекстанда 500 миллиард сум (48,8 миллион доллар) көлемінде қосымша резерв қалыптастыруға барлық мүмкіндік бар екенін айтып отыр.  Бұл халықтың мұқтаж топтарын қолдау үшін көмекші ресурс болады, деп жазады Egemen.kz Gazeta.uz порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы  кеше, 20 тамызда Өзбекстан президенті  Шавкат Мирзиёев видео конференцияда мәлімдеді.

Бұл жиын экономикалық белсенділікті арттыру және мүлдем жаңа механизмдер мен тәсілдерге негізделген қосымша резервтерді қалыптастырудың механизмдерін талқылауға және пысықтауға арналды.

Бұған дейін Өзбекстанда мұқтаж жандарды қолдауүшін 200 миллион долларға жуық қаражат бөлінгені туралы хабарланған болатын. Бұл қаржы 1,7 миллион аз қамтылған адамды, 3,7 миллион зейнеткер мен 500 мың әлеуметтік жәрдемақы алушыларды қолдау үшін бөлінді.