• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Руханият 25 Тамыз, 2020

«Әл-Фараби әлемі» ашылды

525 рет
көрсетілді

Елордадағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Әл-Фараби әлемі» атты оқу-тәрбие орталығы ашылды. Орталық «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұламаның 1150 жылдығы аясында өтті. Шараға Еуразия ұлттық университетінің проректоры, алаштанушы, академик Дихан Қамзабекұлы, жазушы, драматург, Әл-Фарабитанушы, «Ғұлама-ғұмыр» драмасының авторы Жолтай Әлмашұлы қатысты.

Ұлы ойшылдың бізге мәлім де беймәлім болмысын жан-жақты ашу арқылы оқушыларға қосымша білім беруді көздейтін орталық бірнеше бөлімнен тұрады. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының директоры Ербол Исламұлы:

– Орталығымыз бірнеше бағытта жұмыс істейді. Соның алғашқысы – «Әл-Фараби және грек ойшылдары». Әл-Фараби Аристотель мен Платон секілді грек ойшылдарының еңбектерін талдап, түсініктеме жазды. XVIII ғасырдағы француз, ағылшын, итальян ғалымдары өз зерттеулерінде Әл-Фарабидің осы түсініктемелері мен талдауларын негізге алған. Біз өскелең ұрпаққа осыны түсіндіруіміз керек. Екінші бағыт «Әл-Фараби және ғылым» деп аталады. Әлемнің екінші ұстазы астрономия, математика, геометрия, медицина, логика, философия ғылымын зерттеген. Оның осы ғылымдағы орасан зор еңбектері балалардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді. «Әл-Фараби және өнер» атты бөлім ғұламаның «Музыканың үлкен кітабы» деген еңбегі негізінде музыкалық жағынан өзін дамытып, жетілдіруді қалайтын балалар мен жасөспірімдерді өнерге баулуға бағытталған, – дейді. Бұдан бөлек жаңадан ашылған оқу-тәрбие орталығында өлеңге жақын балаларды Әл-Фарабидің қазіргі таңда қазақ тіліне аударылып жатқан өлеңдерімен тереңірек таныстыруды көздейтін «Әл-Фараби және поэзия» бөлімі бар. Ал «Әл-Фараби және шешендік өнер» бөлімінде оқушылар сарайының келушілерін «Риторика» атты ғұламаның еңбегі негізінде дебат турниріне дайындайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осылардың ішіндегі ең соңғы әрі маңызды бөлім «Әл-Фараби және тәрбие» деген атауды иеленіпті. Бұл бағыт Әл-Фарабидің атақты «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұстанымына сай оқушыларды ізгілікке, рухани бай, қайырымды болуға тәрбиелеуді мақсат етеді.

Отырарда туып,  әлемге танылған тұлғаның  шығармашылық мұрасы мен өмірлік өнегесін зерделеп, ұрпақ санасына сіңіруге құрылған орталықтың тұсаукесері аясында ғалымның Бюсті ашылды. Ғұламаның мүсінін Суретшілер одағының мүшесі, Астана суретшілер Одағы басқарма төрағасының орынбасары, график, мүсінші  Бақытжан Жарылқасынұлы жасады.

Орталықтың тұсаукесері Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының аспаптық музыка бөлімі оқытушыларының белгілі композитор К.Күмісбековтің «Фараби сазы» шығармасын орындауымен аяқт