• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қазан, 2013

«ЕуроХим» елге келіп, іске кірісті

318 рет
көрсетілді

«Көкжон» фосфор кен орнына асай-мүсейлерін ала келген «ЕуроХимҚаратау» компаниясы алғашқы бұрғылау-жару жұмысын бастады.

Оның салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Қа­нат Бо­зымбаев, Ресей Федера­ция­сы «ЕуроХим» минералды-хи­миялық компаниясы ААҚ бас­қарма мүшесі – әкімшілік директоры Игорь Щелкунов, еліміздегі «Еурохим-Тыңайтқыш» ЖШС бас директоры Еркебұлан Мыр­зағалиев және Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек қатысты.

Аталған жұмыс компаниялар арасындағы жер қойнауын игеру бойынша бекітілген шарт шеңберінде жүзеге асырылды. Қаратау фосфор кен орнын игеру, фосфорит концентратын өндіретін кен-байыту кешені мен кең ауқымда қолда­­­нылатын минералды тыңайт­қыштар өндіретін зауыт­тың құрылыстарын салу – «ЕуроХим­нің» кешенді жоба­сының бірі болып табылады. Жоба­ны жүзеге асыру барысында бола­шақ кәсіпорындар құрылысы мен қызмет көрсету салалары бойын­ша бірнеше мың жұмыс орны ашылады.

Мамандардың пікірінше, «ЕуроХимнің» облысқа келуі – Қаратау мен Жаңатас қала­­ларындағы көптеген әлеу­мет­тік-экономикалық мәселе­лер­ді шешуге де септігін ти­гізеді. Сон­дай-ақ, компания ай­мақтың инфра­құрылымын дамытуға, әлеу­меттік маңы­зы бар құрылыс­тар­ды қаржы­лан­дырып, кейбі­реу­лерін қайта жаңғыртуда ай­тар­лықтай үлес қосатын болады.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».       

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар