Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар лигасының ойындарына шақырылған футболшылардың есімін жария етті.
УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы ойындары қыркүйек айының бірінші он күніне белгіленген. 4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Литвамен ойнайды. Ал 7 қыркүйекте жерлестеріміз Алматыдағы «Орталық стадионда» Беларусь құрамасын қабылдайды. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызға жоспарланған. Ал оған төмендегі футболшылар шақырылған.
Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Щацкий («Тобыл»); Қорғаушылар: Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де – «Қайрат»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»), Олжас Керімжанов («Жетісу»); Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Аль-Айн», БАӘ), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат (командасыз), Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен («Қайрат»), Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев (екеуі де – «Қайсар»); Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Қайрат»), Алексей Щёткин («Астана»), Максим Федин («Қайсар»).