Қазақстандық теннисші Андрей Голубев «Челленджер» додасының жартылай финалына шықты, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Жұптық кезеңде Андрей Голубев уругвайлық теннисші Ариэл Бехароммен бірге өнер көрсетті. Италияның Триесте қаласында өтіп жатқан додада Голубев/Бехар жұбы ширек финалда Глустино Лорензо/Трунгеллити Марко жұбын 6:2, 6:0 есебімен жеңіп кетті.
Айта кетейік, Андрей Голубаев пен Ариэл Бехаром осыдан бірер күн бұрын Италияның тағы бір қаласы – Тодиде ұйымдастырылған «Челленджер» кезеңінің бірінде топ жарған еді. Финалда француз дуэті Хьюго Гастон мен Эллиот Беншетритден (6:4, 6:2) есебімен басым түскен-ді.