• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2020

Ауыр жүк көлік иелері жол ережесін бұзған

490 рет
көрсетілді

СҚО-да  жол құрылысына ерекше назар аударылады. Асфальт төселген жолдар жүкті шамадан тыс артып алған көліктердің салмағына шыдамайды. Сөйтіп, асфальттар бүлінеді. Бұл барлық жол қозғалысының қатысушыларының қауіпсіздігіне әсерін тигізеді.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы жол бетінің тозуы және бұзылуы фактілерінің алдын алу бойынша СҚО бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен өзара тығыз жұмыс жасап жүр. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуына қарағанда, жыл басынан бері облыс жолдарында бірлескен 55 рейд өткізілген. Оның барысында салмақ параметрлерінің 38 бұзушылығы анықталып, барлық фактілер бойынша материалдар жинақталып, бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Талдау көрсеткендей, ауыр жүк көлік жүргізушілерінің тараптарынан ауыр салмақты автокөлік құралдарының салмақ параметрлерін сақтамай жүруі, жүк жөнелтушілердің салмақ параметрлерін шамадан тыс асыруы, тасымалдаушының тауарлық-көліктік жүкқұжаттарының, жолдама парақтарының болмауы, сондай-ақ рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген көліктерді жолға шығару сияқты бұзушылықтарға жиі жол беріліп жүр.

Бүгінгі таңда Есіл және Уәлиханов аудандарындағы жолдар проблемалы болып отыр, бұл жолдар арқылы қиыршық тас тиелген ауыр жүк көліктер, оның ішінде транзиттік көліктер көптеп жүреді. Жыл басынан Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері осы жолдардан 42 бұзушылық тіркеп, іс қозғаған.

Солтүстік Қазақстан облысы