• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2020

Шал ақын ауданы тұрғынынан шолақ мылтық шықты

695 рет
көрсетілді

Шал ақын ауданында қаруды заңсыз сақтаудың бір фактісі анықталды. Аудан орталығы Сергеевка қаласының 60 жастағы тұрғынының уақытша тұруға арналған жапсарлас үй-жайынан маркасы белгісіз шолақ мылтық табылды. Иесі қару туралы ештеңе білмейтінін айтып, қарудың осы  үй-жайда ұзақ уақыт бойы тұрған қайтыс болған ұлына тиесілі болуы мүмкін екенін жеткізген.  

Қазір аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Сонымен бірге бұл қарудың басқа қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі. Мылтықтың ұңғысы арнайы кесіліп, ықшамдалып ұсталғанына қарағанда оның қылмысты істерге қатысты болғандығы сезіліп тұр. Оны енді баллистік сараптама анықтайды. Сонымен бірге үй-жайындағы тіркелмеген қаруды жасырып келген үй иесі де жауапкершіліктен жалтара алмасы белгілі. «Қару сақтаған адам заңды білмейтіндігін айтып жалтарғысы келеді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Тіркелмеген қаруды анықтаған жағдайда ол шұғыл полицияға хабарлауы қажет еді. Қазір полиция қызметкерлері қаруды тәркіледі», деді аудандық ПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Бекжан Қаршалов.

Жалпы жыл басынан бері СҚО-да осындай 18 факт тіркелген.

Солтүстік Қазақстан облысы

Шал ақын ауданы