• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қыркүйек, 2020

Жолдау мәтінінде жиі кездесетін сөздер

809 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы жаңа Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, еліміздің одан әрі дамыту стратегиясын халыққа таныстырды. Біз лекcикалық талдау әдісіне иек артып, Жолдауда ең көп айтылған сөздерді анық­тауға тырыстық. Соған қарап, Президент Жолдауының мазмұнын­да не нәрсеге көбірек басымдық берілгенін аңғаруға болады деген ойдамыз.

Алдымен Жолдау тақырыбында айтылған «жаңа» сөзіне тоқталайық. Бір жарым сағатқа жуық сөйлеген Президент «жаңа» деген сөзді орысша және қазақша мәтінде 56 рет қолданды.

Жолдауда ең жиі айтылған тағы бір сөз «Үкімет» – 38 рет. Одан ке­йін­гі орында «Экономика» – 35 рет. Үшін­ші орында «реформа» – 28 мәрте. 

«Әлеумет» сөзі 26 мәрте қайталан­ды. «Бизнес» – 24 рет, «дағдарыс» – 9, «ауыл» – 23, «өндіріс» пен «өндіру»-дің әрқайсысы – 7 мәрте, «шикізат» – 7,  «мұнай» сөзі – 6 мәрте айтылды. «Шағын және орта бизнес» деген тіркес 7 рет қайталанды.

Жолдауда ең көп айтылған сөз­дер­дің қатарында «азамат» (51), «ұлт» (47), «адам» (27), «құқық»  (41) бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ­стан» деген сөзді 19 рет, «әлем» деген сөзді – 11 рет, «халықаралық» деген біріккен сөзді – 9 рет, «дүниежүзін» – 2 рет қолданды. «Жауап» сөзі «жауапты», «жауапкершілік» деген сөздердің түбірі ретінде 32 рет айтылды. «Тұңғыш», «Президент», «Назарбаев» деген сөздер де Жолдау мәтінінде жиі кездеседі.

«Пандемия» – 10, «індет» – 3, «карантин» – 2 рет айтылды. Ал «күрес» сөзі Жолдау мәтінінде 16 мәрте қайталанды.

Білім күні жасалған Жолдауда «білім» деген сөз – 18 мәрте, «мектеп»  – 9 рет, «ғылым» 12 мәрте, «онлайн» – 5, «инернет» – 5, «қашық» деген сын есім – 3 рет, «мұғалім» – 3, «ұстаз» – 2 рет, «сабақ» – 3, «WatsApp» – 1 рет кездесті.

«Дағдарыс» – 9 мәрте сөз болды.

Мемлекет басшысы «Тәуелсіз» деген сөз 5 мәрте, «мақсат» деген сөзді 16 рет, «міндет» дегенді 38 рет айтты. «Дамыту» 39 жерде қайталанды.

Әлеуметтік салаға қатысты «денсаулық», «медицина», аурухана» деген сөздер де жиі қайталанғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар «жемқорлық», «аймақ», «тауар», «субсидия», «қаржы», «несие», «еңбек», «көлік», «кәсіп» деген сөздер де Президент Жолдауында жиі қайталанған сөздер қатарында.

Біз Жолдау мәтінінде айтылған сөздердің тек түбірін назарға алғаны­мызды айта кетейік.