СҚО полицейлері оқу жылының басталуына орай жаяулардың жол тәртібін бұзуына алаңдаушылық білдіруде. Жыл басынан бері 3,5 мың адам жол тәртібін бұзғаны үшін ұсталған қалада оның саны көбейіп кетпесе екен деп профилактикалық шараларды күшейтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
"Балаларға қатысты жүргізілетін профилактикалық жұмыстар карантиндік талаптарға байланысты тоқтатылды. Енді бұны ұстаздармен бірлесіп қайта жандандырмақпыз", дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев.
– "Жолдағы, көшелердегі балалардың тәртібін бойға сіңіру отбасында ата-аналардың өздерімен қолға алынуы қажет. Бүлдіршіндер ересектерге қарап бой түзейді. Ата-аналар өздерінің ғана емес, балаларының да денсаулығы мен өмірлерін қатерге тігіп, жол жүрісі қағидаларын бұзып жатады", деді ол.
Ата-аналардың өздері жол тәртібін бұзатын оқиғалар да көп. Мәселен, Петропавлда 2 қыркүйек күні Жамбыл көшесінде патрульдік полицейлер екі баласын жетектеп рұқсат етілмеген жерден көшені кесіп жүгіріп өтпек болған әйелді тоқтатты. Полицейлердің айтуларынша, жауапкершілікке тартылуы ол үшін сабақ болуы тиіс. Өйткені балаларының қауіпсіздігін әр ата-ана әртіннен ойлауы тиіс.
Жыл басынан облыс жолдарында кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бір бала қайтыс болып, 20-сы дене жарақаттарын алды. Көп жағдайда зардап шеккен балалар – жаяу жүргіншілер болған. Мұндай 9 факті тіркелді. Жалпы облыс жолдарында 17 жаяу жүргінші көз жұмып, 150-і жарақаттар алған.
8 айдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында Жол жүрісі қағидаларының түрлі 30608 бұзушылығы тіркелді. Олардың әрбір оны жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған.