• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Технология 04 Қыркүйек, 2020

Кремний алқабының ең ірі акселераторы шақырады

123 рет
көрсетілді

Кремний алқабының ең ірі акселераторы Founder Institute NURIS-пен әріптестікте Қазақстан мен Орталық Азия­да алғашқы бағдарламаны іске қосып, өтінімдерді қабыл­дайтындығы туралы хабарлады.

Иә, Орталық Азия елдерінің жас кәсіпкерлері үшін Nur-Sultan Virtual 2020 Founder Institute бағдарламасы ресми ашыл­ды. Pre-seed акселера­торы бағ­дарламасының бас әріптесі – Назарбаев Университетінің инновациялық кластері (NURIS). Бағдарламаға жаһандық техно­логиялық компания құруға мүдделі, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер мен стартаперлер командалары қатыса алады.

«Егер сіз идея сатысында болып, істі неден бастау керек екенін білмесеңіз, Nur-Sultan Virtual 2020 Founder Institute он­лайн бағдарламасы 3,5 айда сізге халықаралық нарықта жұ­мыс істеуге дайын болуға кө­мек­теседі. Сонымен қатар өзіңіздің жеке дамуыңыз үшін үлкен тәжірибе ала аласыз. Бұл бағ­дарлама технологиялық бизнес құрғысы келетін өршіл, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін өте қолайлы, оның ішінде тұрақты жұмысы бар адамдар да бар», дейді Founder Institute акселераторы өкілдерінің бірі, NURIS бизнес-инкубаторының басшысы Анарбек Өтеғұлов.

Ұйымдастырушылардың ай­­туынша, бағдарлама бұрын Founder Institute түлектеріне ба­ғалы өнімдер жасауға және 950 млн доллардан астам инвес­тиция тартуға көмектескен нәти­желерге қол жеткізу және қар­жыландыруды тартудың дәлел­денген, құрылымдалған про­цесі арқылы бизнесте жылдам дамуға көмектеседі. Бағ­­дар­ла­маға қатысушылар Қа­зақ­стан, Орталық Азия және Оңтүс­тік-Шығыс Азияның 40-тан ас­там технологиялық кәсіп­кер­­лерінен менторлық қолдау және кері байланыс, сондай-ақ биз­нес-іскерлер мен венчурлік қор­лардан инвестициялар алу үшін пост-бағдарламалар пакетіне тегін қол жеткізе алады.

«Бағдарламадан кейін біз­­дің түлектеріміз Founder Institute штаб-пәтерінен тегін са­рап­та­малық қолдау алып, Founder Institute ғаламдық же­лісіндегі стартаптардың не­гізін қалау­шылар, басшылар мен инвес­торлар арасында өз­дерінің нетворктерін ке­ңейте алады. Желіге әлемнің 200-ден астам қала­сынан 4300+ түлек және 14000+ мен­­торлар кіреді, – деп толық­тыр­ды А.Өтеғұлов.

Акселераторлар бағдарлама­сынан Udemy, Realty Mogul, Feetz, Spikes Security және т.б. сияқты жылдам дамып ке­ле жат­қан стартаптар өтті. Қазақ­станда бағдарламаның ашылуына орай қатысуға тілек біл­дірушілердің бәрі тегін онлайн-стартап іс-шараларға шақы­рылады.

НУ инновациялық кластері – Қазақстанда жоғары техно­ло­гиялық бизнес-жобаларды дамы­туға арналған экожүйе. NURIS кәсіпкерлерді, ғалым­дар­ды, профессорларды, сарап­шыларды, студенттерді, инвесторлар мен корпорациялар­ды біріктіреді. Кластер аума­ғында: бизнес-акселератор, биз­нес-инку­батор, технопарк және өнертапқыштар мен шығар­ма­шылық тұлғаларға арналған креативті зертханалар, заманауи жабдықтары бар тәжірибелік-эксперименттік цех (DC Lab, FabLab, Machine Shop) жұмыс істейді.