• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Қыркүйек, 2020

Пандемиямен арпалысқан планета

354 рет
көрсетілді

Жапониядағы Киото Өнер универ­ситетінде COVID-19-дан қорғайтын жаңа тұмша ойлап табылғаны жайлы Kyodo агенттігі хабар таратты.

Тұмшаның ерекшелігі, оны таққан адам ауру жұқтырамын деп қорықпастан тамағын да іше береді. Дизайнерлердің тапқыр­лығы – тұмшаны желпуіш тәрізді жасауында. Қатты қағаздан жа­сал­ған тұтқаға бекітілген, төрт бұрыш­ты етіп керілген қорғаныш қаба­ты бар тұмшамен ауыз бен мұрын­ды қалқалап, тамақ ішуге де, әңг­імелесуге де болады, бұл адам­дардың қалыпты тірлікке көшуіне көмегін тигізеді, деп есеп­тейді оны ойлап табушылар.

Жоба авторы Масако Сасаки «Біз SARS-CoV-2 тудырған қолай­­сыздықты азайтып, жаңа база­лық этикетті Киотодан бастап орнат­қымыз келеді», деген ой айтты. Алай­да бұл тұмша адамның қол қимы­лын шектеп, ыңғайсыздық ту­ды­ра­ды деген пікірлер де бар көрінед­і.

Жаңа тұмшаны 20 адам тесті­леу­ден өткізгенде қолданушы­лар өздерін аурудан қорғану тұрғы­сынан жақсы сезінгенін айтыпты.

 * * *

Францияның теңіздегі иелігі – Жаңа Каледонияның билігі архипелагта шекарадағы қосымша шектеу шараларын 2021 жылдың 27 наурызына дейін созу жайында шешім қабылдағаны жайлы Le Figaro жазды.

Жаңа Каледония Тынық мұхит­тағы вирустан зардап шекпей тыныш жатқан аймақтың қатарынан. Архипелагтағы 270 мың тұрғынның арасынан бүгінге дейін бар-жоғы 23 адамнан SARS-CoV-2 тіркелген. Оған пандемия жария­ланғалы арал­дарға халықаралық әуе қаты­нас­­тарының азаюы және келген жандардың отельдерге тоқтап, екі апталық оқшаулануды сақтауы себеп болған. Архипелагқа келген әр адамға тест қортындысын көрсету міндеттеліп, кетерінде тағы да тексерілуден өтуі міндеттелген. Бұл қағидаттың қатаң сақталуы Жаңа Каледония халқын аурудан сақ­тауға көмектесті деген жергі­лікті билік осы тәртіпті келер жыл­дың наурызына дейін ұзартқан.

 * * *

ЕО одаққа мүше мемлекеттер азаматтарының тоқтаусыз барып-келуіне болатын елдердің жаңа тізімін жасады деп хабарлайды босниялық Dnevni avaz агенттігі.

Жаңа тізімге Балқан түбегінің батысын жайлаған бірқатар мемлекеттер кірмей қалған көрінеді. Аталған тізімнен Босния мен Гер­цеговинаны таппаған батыс ба­спасөзі тізім ЕО дең­гейінде мін­детті түрде орын­далуы қажет де­ген құжат санаты­на саналма­ға­ны­­мен, мүше-мемле­кеттер оның аясы­нан шықпайды деп есептейді. Алайда құжатта кейбір елдер қай елдің азаматын вирусқа қарсы тест көрсетіліміне қарай кіргізуге ұйғарым шығаруына ерікті екені атап өтілген.

ЕО рұқсат беріп, даңғыл жол ашқан мемлекеттер қатарына Ауст­ралия, Канада, Грузия, Жапония, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис, Уругвай және Қытай енген. Ақпа­ратта Бейжіңнің де ЕО елдері азаматтары үшін шекарасын ашуға уәде бергені жазылған екен.

* * *

Аргентинада тәулік ішінде 10 504 адамның ауру жұқтырғаны тіркелген.

Елдің денсаулық сақтау ми­нистр­лігінің сайтында жариялан­ған ақпаратқа сүйенген REGNUM 428 239 адамның SARS-CoV-2 тыр­нағына ілінгенін жазады. Кешегі күні 259 пациент осы ауру сал­дары­нан көз жұмып, індет басталғалы 8919 арген­тиналықтың тынысы тоқтаған көрінеді.

Латын Америкасындағы көп­теген елдер вирустан көз аша алар емес. Әлем бойынша Брази­лия екінші орынға шығып, осы құр­лықты мекендеген мемлекеттер қат­­ары экономикалық қиындық­тарға тап болып жатыр.

 * * *

Пандемия басталғалы 20 мың­нан астам азаматынан айырыл­ған Колум­бия үкіметі карантин талаптарын босатқан.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, елде 20 052 адам індеттен ажал құшып, 624 069 азаматтың ауру жұқтырғаны тіркелген. Ал дәл осы уақытта, 133 155 пациент ауру­­мен арпалысып жатқанда билік бір­қатар аймақтарда карантин талап­тарын босаң­датуды, тіпті алып тастау­ды көздеген. Шектеу тек ауру белсенділігі жоғары өңір­лерде ғана сақталады, ал қалған аймақтар сақтық шараларын ұстана отырып қалыпты тіршілікке көшеді делінген.