• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қыркүйек, 2020

Әкелі-балалылардың үйлерінен кептірілген қарасора мен тіркелмеген қарулар тәркіленді

142 рет
көрсетілді

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қызылжар ауданының екі тұрғынын ұстады. Олардан тіркелмеген екі атыс қаруы және бір килограмға жуық кептірілген қарасора тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басқарма қызметкерлеріне орманда жұмыс істеп жүрген Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғынында тіркелмеген атыс қаруы болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Тексеріс кезінде аталған ақпарат расталды, одан тіркелмеген екі тегіс ұңғылы шүріппелі мылтық табылады. Бұдан басқа салмағы 0,7 кг кептірілген қарасора партиясы тәркіленді. Дәл сол күні Новоникольское ауылында аталған жұмысшының 51 жастағы әкесі тұратын үйдің қоймасында полицейлер "ТОЗ-8" маркалы тіркелмеген ойықты шолақ мылтықты тапты. Ұсталғандар бұрын сотталмаған, жауап алу кезінде олар мылтықты жуырда тауып алғандарын және оны қажет болып қалар деген оймен сақтағанын айтқан.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Алынған заттар сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамасына жіберілді. Енді олардың басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталады. Әкелі-балалы тұрғындарға қатысты келуге міндеттелу түріндегі бұлтарптау шарасы тағайындалды. Қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы,

Қызылжар ауданы