Францияда 80 жастағы қария электр шыбынұрғышпен шыбын өлтірмек болып, үйінің бір бөлігін жарып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ер азамат түстеніп отырған уақытта шыбынның ызыңын есітеді. Алдымен жәндіктен ққұтылуға ниеттенген ол бөлме ішін айнала шыбынды қуа жөнелген. Қолында электр құрылғыны қосқанда, үйінде жарылыс орын алыпты.
Кейін анық болғандай, қарияның асүйіндегі газ баллонынан газ атқылап тұрған. Электрлі құрылғымен жанасқан газ алапат жарылысқа ұласқан екен.
Жарылыс нәтижесінде ер азаматтың қолын ғана күйік шалған. Абырой болғанда, қария қатерден оңай құтылыпты.