• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 08 Қыркүйек, 2020

Туристік визит-орталық ашылады

505 рет
көрсетілді

Үкімет 2019 жылы туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіткелі өңірлердің туристік саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін туристік дестинацияны инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымы объектілерімен қамтамасыз етуге баса назар аударылып жатыр.

Мәселен, Мәдениет және спорт министрлігі мен Маң­ғыс­тау облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асырған Жол картасы жо­басы аясында 8 нысан мен 12 санитарлық-гигиеналық то­раптың құрылысы басталып, тағы 10 ин­фра­құрылым нысанының құ­рылысы жос­парланған. Қабыл­данған шаралар аймақ аумағында Rixos Water World Aktau сияқты жобаларды іске асыру үшін инвес­торларды тартуға мүмкіндік бе­реді. Қаланың курорттық ке­шендерінің қарқынды дамуы жақын арада шетелдік және отандық жағажай демалысын ұнатушылар ағынын едәуір арттыратыны жоспарланған.

«Rixos Aktau курорттық қо­нақүйі дестинация тур­потенциалын мүлдем басқа дең­гейге шығарды. Бұл ретте ин­весторлар жағалау аумағын одан әрі кешенді дамытуды жоспарлап отыр. Бүкіл кешенді іске асыру Ақтау қаласының ғана емес, елдегі барлық курорттық де­малыс индустриясының көз­қарасын өзгертеді. Маңғыстау облысындағы туризмнің әлеуетін ашу туристік ағын мен табыс­ты арттыру үшін өте маңызды. Жа­ғажай ту­ризмі – дамудың жалпы тұжы­рым­дамасындағы «алып», ал бірегей табиғи және тарихи-мә­дени ескерткіштер туристерге арналған ұсыныстардың санын көбейтуде және сапасын жақсартуда шешуші рөл атқаруы керек. Өңірдің дамып келе жат­қан жол желісі қазірдің өзінде көптеген туристік қызығушылық тудыратын орындарға жайлы сапарларды ұйымдастыруға мүм­кіндік береді», деп атап өтті вице-министр Ө.Бисақов.

Шынында да, кейінгі жылдары Маңғыстау түбегі белсенді саяхат сегментінде туристерді кө­бірек қабылдайды. Әсіресе, қа­сиетті жерлерге жол салатын туристердің саны көп. Осыған байланысты көрікті жерлерді сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінуі тиіс.

Kazakh Tourism басқарма төрағасы Ержан Еркінбаевтың ай­туынша, Бозжыра, Жығылған, Қапамсай, Торыш, Шерқала, Айрақты-Шоманай – бірегей та­биғи нысандар. Осы объек­тілердің айналасында дұрыс ту­ристік инфрақұрылымды да­мы­туды және халықаралық дең­гейдегі туристік өнімдерді құ­руды бастау қажет.

– Үлкен қашықтықты ескере отырып, ең алдымен танымал объектілер ауданындағы визит-ор­талықтар желісін дамыту, сон­­дай-ақ туристердің тү­неуіне арналған орын­дар ұйым­­дастыру қажет. Бұл глем­пинг, кемпинг, шатырлы қала­шық­тарға арналған орындар, қонақүйлер болуы мүм­кін. Аталған объек­тілер­дің ба­за­сында бақылау алаң­дары, джип/багги/мото тур­лар, балық аулауды ұйым­дас­тыру, түйе фер­маларына, этно-ауылдарға бару және т.б. жаяу маршрут­тар одан әрі дами алады. Әйт­песе туристердің теріс әсер­лі ағындарының салдары тек зиян келтіреді. Мұндай жағ­дай­да турист бір сапарда бір­ден бір­­неше нысанды аралап, ілеспе қызметтердің барлық спектрін ала алады.

Маңғыстау облысы әкімінің орын­басары Ғалымжан Ниязов біздің өңір – қызықты тари­хи-мәдени нысандардың, ланд­­­­шафтардың, зиярат ету оры­дарының алуан түрлілі­гімен, салт-дәстүрлерге берік ұс­тану­шылығымен ерек­шеленеді дейді. Сондай-ақ ол өңірдің аумақтық орналасуы, Каспий теңізі арқылы бірден бес шет мемлекетпен шектесу арқылы көп миллиондық әлеуетті нарық екенін еске салды. «Сондықтан өңір соңғы жылдары өзінің турис­тік әлеуетін барынша іске асырғысы келеді. Біз ұсыныс­тарға ашықпыз», дейді Ғ.Ниязов.

Сала өкілдері бас қосқан екі күндік қарқынды және жемісті жұмыс барысында көшпелі ке­ңеске қатысушылар орта мер­зімді міндеттердің векторын анықтады, олардың ішінде, мы­­салы, визит-орталықтарды өңірдің негізгі туристік дестинацияларына орналастыру. Бұл хабарды назарға алған кездесулерге белсенді қатысқан бизнес өкілдері осындай екі ви­зит-орталықтың құрылысына қара­жат салуға ниет білдірді.