• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 08 Қыркүйек, 2020

Экотуризмді дамыту тұжырымдамасы таныстырылды

781 рет
көрсетілді

Жуырда Экология, геология және табиғи ресурс­тар вице-министрі Ерлан Ны­сан­баев, Мәдениет жә­не спорт вице-министрі Өр­кен Би­сақаев, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төраға­сы Ержан Еркінбаев және басқа да сарапшылардың қа­тысуымен өткен ашық zoom-конференциясында көп­ші­лік назарына «Шарын» мем­лекеттік ұлттық та­би­ғи паркін дамыту тұжырым­да­масы ұсынылды.

Жаңа жобаны таныстыру барысында Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е.Нысанбаев қазіргі кезде бүкіл әлемде экотуризм өте танымал болып келе жатқанын атап өтті. Өткен жылы ел Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның туристік саласын да­мытудың 2019-2025 жылдарға ар­налған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның 10 басым бағытының бірі – құрамында 4 ұлттық парк (Алтын-Емел, Шарын, Көлсай көлдері және Іле – Алатауы) бар Алматы облысының тау (шаңғы) кластері.

Сонымен қатар вице-министр өткен жылы 20 мыңнан астам адам келген Шарын ұлттық паркіндегі туристік инфрақұрылым заманауи талаптарға сай келмейтінін және қонақтарға толыққанды әрі жайлы тұруы үшін жағдай жасалғанын атап өтті. Осыған орай, Эко­ло­гия, геология және табиғи ре­сурс­­тар министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен және «Қа­­зақ туризмі» ҰК» АҚ-пен бір­лесе отырып, АҚШ-тың халық­ар­а­лық тәжірибесін зерделеді, құ­қық­тық базаны, тәсілдер мен тетік­терді зерттеді, сонымен қатар экологиялық туризмді дамытудың негізгі принциптерін анықтады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, ұлттық парктерде эко­ло­гиялық туризмді дамытудың тұжы­рымдамалық тәсілдері бел­гіленді.

Онлайн жиында туристік ба­ғыттар мен жолдарды дамытуға ба­са назар аударылады, сонымен қатар жеңіл құрылымдарды қолдана отырып, күрделі құрылыстарсыз заманауи сапарлау орталықтарын, глэмпингтер, кемпингтер, этноауыл­дар мен караванингтер құру жоспарланып жатқаны белгілі болды. Бұл табиғи ортадағы күйзелістерден аулақ болуға, қызмет көрсету сапа­сын қамтамасыз ететін бірыңғай ту­ристік өнім құруға мүмкіндік береді.

Е.Нысанбаевтың айтуынша, Ша­рын ұлттық паркінде жеке инвес­тиция тарту арқылы қазіргі за­манғы 2 келу орталығын орналастырып, 4 жаяу туристік маршрут­ты ұйымдастыру, түнемелік орын сайлау, сонымен қатар этно­ауыл құру, 3 көру алаңы, глэмпинг алаңдары, кемпингтер, керуен алаң­дары, та­мақтану орындары мен кәдесый өнімдерін сату орындарын орнату белгіленуде. Сонымен бір­ге шат­қалдағы ре­креа­циялық жүк­темені азайту үшін ту­ристерге қыз­мет көр­сететін барлық нысандарды шат­­қалдардың сыртында орналас­тыру арқылы экотуризмді дамыту жоспарланған.

Егер жоба көпшілік тал­қы­лауынан кейін қабылданса, жоспарды іске асыру үшін ашық конкурс арқылы болашақ инвесторларды тарту көз­деледі. Сонымен бірге Экология ми­нистрлігі бұған дейін бірнеше рет атап өткендей, ұлттық парктердің жерлері Қазақстан Рес­публикасының заңына сәйкес, мемлекет меншігінде толықтай қала отырып, жеке тұл­ғалардың иелігіне ешқандай жағ­дайда берілмейді. Инвестор өз мін­деттемесін орындамаса, туризмді дамыту үшін бөлінген жерлер кез келген уақытта келісімшартты бұзу мүмкіндігімен уақытша пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар тұсаукесер аясында Е.Нысанбаев, ЭГТРМ Эко­ло­гиялық реттеу және бақылау ко­митетінің төрағасы Зұлфыхар Жол­дасов, сон­дай-ақ Ұлттық парк­тің өкілдері жұрт­шылықтың сұ­рақтарына жауа­п берді. Барлық кө­терілген мәселе, ес­керту мен ұсыныс жобаны әрі қарай дайындауда ескерілетін болады.