• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Қыркүйек, 2020

Жалпы ішкі өнім 2,3% төмендейді – Ұлттық банк

461 рет
көрсетілді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов макроэкономикалық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Базалық сценарий бойынша ішкі сұраныс пен экспорттың төмендеуіне байланысты 2020 жылы жалпы ішкі өнім 2-2,3% төмендейді. Тұтынушылардың сұранысы қысқарады деп күтілуде.Пандемияға байланысты халықтың ақшалай кірісі азайды. Мұнай бағасының төмендеуі, сондай-ақ экономикалық белсенділіктің қысқаруы және ТШО құрылысындағы инвестициялық белсенділіктің бәсеңдеу негізгі факторлар болады", деді Ақылжан Баймағамбетов.

Сонымен қатар, ол сыртқы сұраныстың төмендеуіне және ОПЕК + келісімі бойынша өндіріс көлемінің қысқаруына байланысты экспорт теріс динамиканы көрсететінін атап өтті.

"Біздің жаңартылған болжамымызға сәйкес, жылдық инфляция 2020 жылдың соңына қарай 8% құрайды, яғни бұрын жарияланған 8-8,5% аралығында төменгі шекке жақын болады. Инфляциялық процестер азық-түлік бағаларының үздіксіз өсуіне байланысты. Сонымен қатар, ақылы қызметтер бағасының өсу мүмкіндігімен байланысты инфляциялық тәуекелдердің пайда болу ықтималдылығы бар. Десек те, халықтың нақты ақшалай кірістерінің әлсіз динамикасы мен әлемдік азық-түлік тауарларының бағасы төмендейді деп күтілуде. Яғни, бұл 2020 жылы инфляцияның өсуін шектейді", деді Ақылжан Баймағамбетов.

Оның айтуынша, 2021 жылдың аяғында инфляция біртіндеп баяулап, 4-6 %-дық деңгейде тұрақтанатынын тілге тиек етті. «Инфляцияның едәуір баяулауы 2021 жылы республикалық бюджеттің жоғары тапшылығымен және 2020 жылға қарағанда сыртқы инфляциялық фонның шамалы өсуімен шектеледі»,– деді ол.