• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қаржы 11 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

734 рет
көрсетілді

Қазақстанның мемлекеттік сыртқы қарызы 2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 12,3 млрд долларды немесе ІЖӨ-нің 6,7%-ын құрайды. Ал еліміздегі квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы 17 млрд долларды немесе ІЖӨ-нің 9,3 %-ын құрайды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Әсет Ир­га­лиев­тің айтуынша, халық­аралық тәжірибеге сәйкес, бұл пара­метрлер қауіпсіз деңгей­ге жатады. Бюджеттік саясат тұжы­рым­­дамасына сәй­кес, мем­ле­кет­тік және квазимем­лекеттік қарыздың (сыртқы және ішкі) арақатынасы ІЖӨ-нің 60%-ынан аспауы керек (2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша – 39,8%). Ал Үкіметтің сыртқы қарызы мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы қарызының көлемі Ұлттық қордың валюта активтерінің жалпы сомасынан аспауы тиіс (2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша – 50,9%).

Соңғы 3 жылда мемлекеттік квазимемлекеттік сыртқы қарыз 6,8 млрд долларға немесе 19%-ға квазимемлекеттік сыртқы қарызды мерзімінен бұрын өтеу және қайта құрылымдау есебінен қысқартылды.

Қазақстанның мемлекеттік секторы әлемнің қалған бөлі­гі­не қатысты таза кредит беру­ші болып саналады (2020 жыл­ғы 1 сәуірдегі жағдай бойын­ша сыртқы активтер ішкі мін­дет­темелерден 47,5 млрд дол­лар­дан немесе 4,9 есеге асты), яғни қалған әлем елімізге көп қарыздар.

Жеке сектордың сыртқы қары­зы немесе компанияаралық қарыз 97 млрд долларды немесе ІЖӨ-нің 67%-ын құрайды. Оның көп бөлігі шетелдіктер қатысатын үш ірі жобадан тұрады – Қашаған, ТШО және Қарашығанақ.

Сыртқы активтерден асып кет­кен сыртқы активтер үшін ұқсас тауарлардың саты­луын олардың топтарының Қазақ­станда орналасқан компаниялары қаржыландырады. Халықаралық әдістеме бойынша мұндай инвес­тициялар елдің сыртқы қарызы болып саналады.

Тұтастай алғанда, компания­ара­лық қарыздың өсуі өндіріс­­тік қуаттарды құру мен кеңейту­­ге, қазіргі заманғы техноло­гия­лар­дың келуіне, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бюджетке салық түсімдерінің ұлғаюына инвестициялардың түсуін білдіреді.

Осылайша жалпы алғанда, елдің сыртқы қарызы 152,7 млрд АҚШ доллары немесе ІЖӨ-нің 83%-ын құрайды. Бюджеттік сая­сат тұжырымдамасына сәйкес елдің сыртқы қарызының ара-қатынасы ІЖӨ-нің 100%-ынан аспауы керек.

Айта кетелік, еліміздің сыртқы қарызының 80%-ы жеке саланың міндеттемелеріне тие­сілі. Оған мемлекет те, қара­па­йым азаматтар да жауап бермейді.

«Халықаралық тәжірибе­де сыртқы қарыздың параметр­­лерін талдағанда фирмалар арасын­дағы қарызды алып тастау әдет­ке айналған, өйткені бұл ең аз тәуекелді болып саналады. Өйт­кені аффилирленген креди­тор­­лар табысты қызметті жал­ғас­тыруға мүдделі, көбіне мін­деттемелер шартты болып келеді. Қазақстанның сыртқы қарызын Үкімет, Ұлттық банк бақылайды. Сыртқы қарыз ел тұрғындарына ауыртпалық түсірмейді», деді Ә.Иргалиев.

Сыртқы қарыз, егер оны ұтымды өтеу болса (тұрақты табыс деңгейі, өтімді активтер көзі) елдің дамуына қосымша инвестиция ретінде қызмет етеді.