Қазақстан Республикасының Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның алдын ала іріктеуінен өткен «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ ғалымдарының «Клиникалық медицинада инновациялық жасушалық технологияларды әзірлеу және енгізу» атты жұмысы марапатқа лайықты.
Себебі мамандардың қол жеткізген ғылыми нәтижелері медицинаның осы саласы бойынша сәтті жүзеге асырылып, ғылыми-техникалық бағдарламалар негізінде эксперименттік және клиникалық зерттеулер арқылы әртүрлі ауыр патологиялары бар науқастарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді.
Біздің елде 2002 жылдан бастап алғаш рет жасушалық инновациялық технологиялар медицина ғылымдарының докторы А.Қ.Байгенжиннің жетекшілігімен Ұлттық ғылыми медициналық орталығының қабырғасында дами бастады.
Жүрек-қан тамырлары патологиясын, қант диабетін, аутоиммунды ауруларды және басқаларды емдеудің жаңа тиімді жасушалық технологияларын құру, менің ойымша, «ҰҒМО» АҚ қызметкерлерінің тамаша жетістігі болып табылады және бұл қазақстандық медициналық ғылым мен практиканың дамуын жаңа деңгейге шығарады. Ұлт денсаулығын сақтау мен нығайтуға үлес қосу жайлы Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында да атап өтті.
Орталықтың зерттеу тобы алғаш рет заманауи медицинаның мәселелерін шешу үшін түрлі көздерден жасуша дақылдарын алды.
Ғалым және дәрігер ретінде орталық патологиясы бар науқастарды емдеудің жоғары тиімді, инновациялық жасушалық технологияларын практикалық денсаулық сақтауға қосқан үлесі негізінде орталықтың ғылыми-клиникалық қызметіндегі нәтижелерді жоғары бағалағым келеді.
Мәжит ШАЙДАРОВ,
ҰҒА академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері