Таяуда халыққа жолданған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» тақырыбындағы Жолдауында мемлекеттік қызметті жетілдіруге айрықша мән беріліп отыр. Алдымызға асқаралы міндеттер қойылды. Мақсат – белгілі, бағыт – айқын.
Ел сенімін нығайтуда Әдеп жөнiндегi кеңестердiң рөлi зор. Аталған алқалы органдар құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында көп iс тындыруда. Әдеп кодексiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауға, қызметтен тыс уақыттағы жүрiс-тұрысына, көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдары алдында сөйлеуiне байланысты мiнез-құлық стандарттары айқындалған.
Осы стандарттарға сәйкес, барынша мәдениеттi болуы, тәртіпті қатаң сақтауы тиіс. Өйткені мемлекеттік қызметтегі адамдар жеке басының үлгі-өнегесі арқылы ел ішінде жақсылық мысалы болуға тиіс. Алайда мемлекеттiк тәртiптi нығайту жолында атқарылып жатқан қаншама жұмыстарға қарамастан, құқық бұзушылық фактiлерi кездесіп қалады. Соңғы үш жыл iшiнде Әдеп жөнiндегi кеңестiң 30 отырысы өтiп, онда барлығы 220 мәселе қаралды. Бұлардың 71 пайызы – құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шаралар.
Тәртiптiк iстердi қарау нәтижелерi бойынша Әдеп жөнiндегi кеңес лауазымды тұлғаларды тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы уәкiлеттi органдарға 54 ұсыным енгiзген. Атап айтқанда, 54 тұлғаның 27-сi мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiретiн әрекеттер жасағаны үшiн, тағы да 27-сi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi нормаларын бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылды.
Осы уақыт iшiнде Әдеп жөнiндегі кеңес түрлi деңгейлердегi 15 әкiмнiң, 3 қала мен аудан әкiмдерi орынбасарларының, сонымен қатар бiрқатар облыстық және аудандық мемлекеттiк органдар басшыларының жауапкершiлiгiн қарастырған. Тәртiптiк iстердi қарау қорытындысы бойынша 11 қызметкер лауазымдарынан босатылып, 32-сі қызметiне толық сәйкес еместiгi түрiнде ескерту алды.
Бұл орайда, мемлекеттiк сатып алу, сәулет, жер қатынастары салаларында құқық бұзушылықтарға жиi жол берiлетінiн атап көрсетуге тиістіміз. Сондай-ақ басшылардың өз қарамағындағы қызметкерлерiмен өзара iс-қимылы кезiнде Әдеп кодексi нормаларының бұзылуы жиi орын алуы қынжылтады. Аталған тәртіп бұзушылықтарды ескере отырып, оларды болдырмау мақсатында, алдағы уақытта Әдеп жөнiндегi кеңестiң көшпелi отырыстары өткiзiлiп, оны барысында азаматтарды жеке қабылдау және түсiндiру iс-шаралары жүргiзiледi. Ағымдағы жылы карантин режімiн ескере отырып, Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы түсiндiру бойынша, оның iшiнде қол астындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн басшылардың дербес жауапкершiлiгi және саяси қызметшiлердiң отставкасы институтын iске асыру бойынша бiрқатар онлайн семинарлар өткiзiлдi.
Әдеп кодексiнiң бұзылуына жол берген мемлекеттiк қызметшi жемқорлық жасауға бейiм екенi баршаға мәлiм. Сол себептi, әдеп нормаларын қатаң сақтау өз лауазымын жеке мақсаттарда пайдалануға және жемқорлықтың туындауына керi әсер ететiн бөгет ретiнде қабылдануы тиiс. Әрбiр мемлекеттiк қызметшi өз мiндеттерiн кәсiби тұрғыда әрi сапалы орындап, тәртiпке қатаң бағына бiлуi қажет. Сондықтан өз уәкiлеттiгi шеңберiнде Әдеп жөнiндегi кеңес мемлекеттiк органдардың қызметiндегi заңдылық пен тәртiптi нығайтуды қатаң бақылауда ұстайтын болады.
Дархан ХАЙРУЛЛИН,
Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi басшысының орынбасары