Кәдеге жарату алымын енгізудің басты мақсаты – ескірген, ауыл шаруашылық техникасы паркінің шамамен 80%-ын жаңарту, сондай-ақ ел аумағында оқшаулау деңгейін арттыруды ынталандыру.
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2019 жылғы 5 желтоқсандағы №95 бұйрығымен астық жинайтын тракторларға, комбайндарға және сүрлем жинайтын комбайндарға өндіруші (импорттаушы) төлейтін автокөлік құралдары мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылық техникасына қатысты төлемақы көрсетілген техниканы жинауға және кәдеге жаратуға жіберіледі. Осыған байланысты кәдеге жарату алымы деп аталады.
Тракторлар мен комбайндарға кәдеге жарату алымын енгізуге байланысты ауыл шаруашылық машинасын жасау саласының инвестициялық тартымдылығы едәуір артты. Мәселен, былтыр өтпелі кезеңнің шектеулі мерзімін ескере отырып, өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасалып, жетекші әлемдік брендтермен жоғары өнімді техниканы өндіру игерілді. Сондай-ақ кәдеге жарату алымын енгізу бүгінгі мынадай міндеттерді шешеді: жаңа отандық техниканы сатып алуға жеңілдік сертификаттарын және ақшалай өтемақы беру жолымен ауыл шаруашылық техникасын кәдеге жаратуға тапсыру бойынша халықты ынталандыруды қамтамасыз ету; ауыл шаруашылық техникасын кәдеге жаратудың кешенді жүйесін құру; Қазақстан Республикасында жаңа зауыттар ашу және жұмыс істеп тұрған өндірістік алаңдарды кеңейту; өндірілетін техниканы оқшауландыруды арттыру, өзіндік құнын төмендетуді, жиынтықтауыштардың жаңа өндірістерін, қосымша жұмыс орындарын құруды және ауыл шаруашылық техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер шеңберінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді білдіреді.
Осылайша, аталған шараны енгізу экологиялық сипаттағы бірқатар проблемаларды шешуге, фермерлерге техника паркін жаңартуға көмектесуге мүмкіндік береді және инвестициялар тарту мен қосымша жұмыс орындарын құруды қоса алғанда, жалпы Қазақстан экономикасының дамуын ынталандыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар Қазақстан аумағында өз өндірістерін жергіліктендіру, CLAAS, PÖTTINGER, LOVOL, BUHLER, Ростсельмаш, Петербург трактор зауыты, МТЗ, Гомсельмаш және т.б. сияқты әлемдік брендтер жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді (бүгінде өндірісте шамамен 1300 тұрақты жұмыс орны құрылды және импорттаушы компаниялар 350 орынға дейін жұмыс орнын құрды).
Сондай-ақ кәдеге жарату алымын енгізу шеңберінде пайдаланудан шыққан техниканы тапсыру бағдарламасын бастау жоспарлануда. Онда кәдеге жаратуға тапсырылған ескі техниканың орнына жаңа техниканы сатып алу кезінде жеңілдік сертификаты беріледі. Жеңілдік сертификатының номиналы заңнамада белгіленген тәртіппен белгіленіп, 1,5 млн теңгеге дейінгі соманы құрауы мүмкін, екі сертификатты пайдаланған кезде жеңілдік 3 млн теңгеге дейінгі көлемі құрауы мүмкін. Бүгінде комбайнды металл сынықтарына тапсыру кезінде өтемақы 300-500 мың теңгені құрайды.