ERG (Еуразиялық топ) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғысында іске қосу мен жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында белсендірілген көмірдің алғашқы байқау партиясы өндірілді. Кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңындағы химиялық зертханада өнімге талдау жасалып, оның сапасы өте жақсы екені расталды.
«Шұбаркөл көмір» – Қазақстандағы ең ірі энергетикалық көмір өндірушілердің бірі. Көмірді ашық әдіспен өндіретін, сондай-ақ спецкокс және кокс газынан электр қуатын өндірумен айналысатын аталған кәсіпорын жоғары құнарлығы және күлді-лігінің төмендігі арқылы экологиялық жағынан таза энергия тасымалдаушыға жатады. «Шұбаркөл көмір» АҚ кокс-химиялық цехы негізінде ұсақ кокстан тәжірибелік-өнеркәсіптік белсендірілген көмірді өндіру жобасы отандық ғалым-технологтар әзірлеген технологияны енгізуді қарастырады. Оның кәсіпорын ғана емес, ТМД елдері аумағында теңдесі жоқ. Жобаны кәсіпорын «ERG ғылыми-зерттеу инжиринг орталығы» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Нысанның өндірістік қуаты – жылына 1 мың тонна белсендірілген көмір.
Жобаның басты мақсаты – импортты алмастыру мәселесін шешу. Белсендірілген көмірді қолдану саласы өте кең: гидрометаллургиялық, алтын қазу, фосфат өнеркәсібі, су тазарту. Бүгінгі таңда аталған өнімге сұраныс жоғары болғанына қарамастан, (жылына 7 мың тоннадан артық) барлық белсендірілген көмір Қазақстанға шетелден жеткізіліп келеді.
– Шұбаркөлдік белсендірілген көмірдің басты артықшылығы – шикізат ретінде арзан кокс ұсағын және энергия тасымалдаушы ретінде жағылатын кокс газын пайдаланатындықтан өзіндік құны төмен болып келеді. Бұл жағдай өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату іспетті өте маңызды мәселені шешуге септеседі, – деді «Шұбаркөл көмір» АҚ операциялық тиімділік бөлімінің басшысы Александр Лапшин. – Сонымен қатар осы технология бойынша алынған белсендірілген көмір нарықтағы барлық өнімнен еш кем түспейді. Бірақ өзіндік құны негізгі бәсекелестерінен 1,5-3 есеге дейін төмен.
Іске қосу мен жөндеу жұмыстарына «Шұбаркөл көмір» АҚ мамандарынан бөлек, жобаны ғылыми-техникалық тұрғыдан «ERG ҒЗИО» ЖШС және «АимЛаб» ЖШС мамандары сүйемелдеді. Қашықтықтан қосылу арқылы жабдықты жасап шыққан өндіруші-зауыттың «Сплайн-М» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) мамандары да жұмысқа жұмылдырылған.
Кәсіпорын стандартын алу үшін белсендірілген көмірдің тәжірибелік үлгілері тәуелсіз зертханаға тапсырылды. Келесі кезең – «Шұбаркөл көмір» АҚ-та белсендірілген көмірді өндіру мен өткізуді бастауға мүмкіндік беретін сапа сертификатын алу.
Шұбаркөл мамандары әзірлеген жобаны оңтайлы пайдаға жарату кәсіпорында жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазақстандық өндірушілер шығаратын өнім үлесін көбейтеді.
Елеулі қосымша құны бар өнім өндірісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған әртараптандырылған технологиялық экономика құру тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылады.