Сенат қабырғасында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
Заң жобасы сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу жөніндегі қосымша шаралар енгізуді көздейді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшіге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым белгіленеді, өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым енгізіледі; дербес құрылымдық бөлімше басшыcы лауазымынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдарды, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда сатып алумен айналысатын адамдарды сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатқызу ұсынылады; квазимемлекеттік сектор ұйымдарында әдептіліктің корпоративтік стандарттарын сақтау үшін жауапты болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын енгізу көзделеді.
Заң жобасымен 4 кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын палатаның талқылауына шығару туралы шешім қабылданды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.