• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Қыркүйек, 2020

Нұр-Сұлтанда машина жасаушылар форумы өтуде

466 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында онлайн форматта Қазақстан машина жасаушыларының VIII Форумы (бұдан әрі – Форум) және машина жасау және металл өңдеу жөніндегі бірінші халықаралық мамандандырылған "Kazakhstan Machinery Fair 2020" көрмесі өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Форумды Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырды.

Биылғы жылы Форумның тақырыбы - "Жаңа шынайылық жағдайында машина жасауды дамыту". Форумда машина жасау саласын дамыту перспективалары, сондай-ақ "Машина жасауды дамыту жөніндегі 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасын" іске асыру барысы талқылануда.

Форумның ашылуына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысып, қатысушыларды Үкімет атынан құттықтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің өңдеу саласын, соның ішінде машина жасау саласын дамыту жөнінде нақты міндеттер қойғанын айтты. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тартымды баяндама жасады. Форумның ашылуына Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішенбаев жетекшілік жасады.

Форумның бірінші панельдік пікірсайысы шеңберінде машина жасау саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін базалық өндірістерді құру мен дамытуға, сондай-ақ қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізатын жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті қамтуды реттеу мен дамытуға ерекше назар аударылды.

Форумның екінші панельдік пікірталасы өнімнің соңғы түрлерін шығару кезінде пайдаланылатын материалдар мен жиынтықтауыштардың құнын төмендету тетіктеріне, орта мерзімді перспективада жергілікті қамтуды дамытуға сондай-ақ машина жасау өнімдерінің экспортын ілгерілету мәселелеріне арналып отыр.

Сонымен қатар 6 секциялық отырыстар жоспарланған: темір жол, мұнай-газ, тау-кен металлургия, электр техникалық, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен автомобиль жасау, сондай-ақ жалпы машина жасау технологияларын дамыту бағыттары бойынша.

Форум жұмысының қорытындысы бойынша машина жасау саласын одан әрі дамыту бойынша нақты ұсыныстар әзірленеді. Осы ұсыныстар қойылған міндеттерді бірлесіп шешу үшін Үкіметке жіберіледі.

10 жылдық индустрияландыру кезеңінде машина жасау саласында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

1) өндіріс көлемі 4 есе өсті.

2) инвестициялар 2,5 есе өсіп, 59 млрд.теңгені құрады.

3) экспорт көлемі 3 есеге жуық өсіп, 1,1 млрд 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1 трлн 472 млрд теңге (НКИ 124,1% - ды құрады).

2020 жылдың 8 айында саладағы өндіріс көлемі 16,3% - ға өсті.