Кеше Қазақстан Қарулы күштері Әскери-әуе күштерінің ұшағы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан Жағыпар Қайларов пен Азықан Нұғымановтың сүйектерін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізді.
Қазақстандық сарбаздардың сүйектері өткен жылы «Еске алу вахтасы» акциясы аясында табылған болатын. Қаза болғандардың медальондарында сақталған мәліметтері негізінде олардың аты-жөндері мен шақыру орны анықталды. Азықан Нұғыманов Тверь облысында, Жағыпар Қайларов Ленинградта ұрысқа қатысқан.
Олар Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Степняк қаласы мен Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылында жерленді. Майданда қаза тапқан жауынгер Азықан Нұғымановтың туыстарын табу әзірге мүмкін болмады. Оны жерлеумен Біржан сал ауданының әкімдігі айналысады, оны аудандық әскери комиссариат майданға шақырған (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы). Ал Жетіген кентінде Жағыпар Қайларовтың туыстары жауынгерді туған жерінде жер қойнына тапсыру шарасын үлкен толқыныспен күтуде. Жерлеу рәсіміне Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындары қатысады.
Қазақстандық жауынгерлердің сүйектерін табыстау және жерлеу бойынша дайындық жұмыстары Қорғаныс министрлігінің әскери атташе аппаратының және Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің жәрдемімен өтті.