• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2020

Алтын орақ аяқталып келеді

441 рет
көрсетілді

Солтүстік Қазақстан облысының диқан­дары астық жинау науқанын аяқтауға жақын. Қазірдің өзінде барлық алқаптың 90 пайызға жуығы жиналып алынды. Бар­лық астық көлемі 4 млн гектарға жуық болатын. Қазір соның 400 мың гектардайы ғана қалып тұр.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, егіс алқаптары­ның біразына жазғы аптап ыстықта ұзақ уақыт тамшы тамбады. Соның кесірінен астық шы­ғымы төмен. Дегенмен кейбір аудандарға жа­уын әредікте құйып кетіп отырған. Соның нәти­жесінде олардың астық шығымы жоғары. Облыс басшыларының талап етуімен астық алқаптарына 100 мың тоннадай тыңайтқыш та себілген еді. Химиялық жолмен арамшөпті отау жұмыстары да өз уақытында жүргізілді. Сол арқылы биылғы жауынсыз жаздың өзінде гектер шығымы орташа алғанда 14,5 центнерден айналуда.

Қазір облыстағы егіс алқаптарында жүйткіген 75 мың комбаин күндіз-түні гүрілдеп, алтын астықты жинауда. Оларға Үкіметтің көмегімен арзандатылған жанар-жағармай толығымен жеткізілген. Ауа райы да соңғы күндері ашық болып, диқан қолын байлаған жоқ.

Алдыңғы орында Қызылжар ауданының диқандары келеді. Бұл ауданның жер құнарлылығы жоғары әрі тасымал жұмыстарында шығын аз болады. Өйткені аудан облыс орталығының ірге­сінде болғандықтан инфрақұрылымның, соның ішінде жолдың сапасы жоғары. Бұл артықшылық басқа аудандарда бар деп айта алмайсың. Жылда айтылғанымен жолдың сапасыздығынан астықтың 15-20 пайызға жуығы рәсуа болады.

Кешегі күнгі мәлімет бойынша 4 млн тонна­ға жуық астық бастырылғын. Осының өзі қызыл­жарлық диқандардың белгіленген межені асыра орындайтынын көрсетеді.

Былтырдан бері облыс майлы дақылдар егуден республика өңірлері арасында алдыңғы орын­­ға шықты. Қазір майлы дақыл өнімдері 700 мың гектарға жуық жерден жинап алынды. Гектар берекесі орташа есеппен 8 центнерден айналуда.

Еліміздің аса ірі астықты аймақтарының бі­рін­­дегі орақ науқанының барысы әзірге, осындай.

 

Солтүстік Қазақстан облысы