• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Қыркүйек, 2020

Оқушыларға қуаныш сыйлады

431 рет
көрсетілді

«Халық банкі» АҚ Павлодар облысының Баянауыл ауданы орталығындағы бөлімшесінің қызметкерлері де «Жақыныңа жанашыр бол!» қайырымдылық шарасы барысында қолдау көрсетіп, көмекке келді. Аудан орталығы Баянауыл ауылында тұратын аз қамтамасыз етілген 10 отбасының ұл-қыздарына банк ұжымы атынан сыйлық берілді.

– Бұл тартуымыз – індетттің беті қайтып, балалар жылдағыдай мектептеріне қайта оралсын, біз ұсынған мектеп жабдықтарын пайдаланып, сыныптастарына қосылып, қуансын деген тілектен туды, – дейді жергілікті бөлімше басшысы Дархан Шаихов.

Қайырымдылық көмек Баянауылдағы З.Ақышев атын­да­ғы жалпы орта білім бе­ру мек­тебінің бастауыш сынып оқу­шы­лары Айшуақ Ақбар, Айдос Серік, Сезім Нұриден, Валерия Шлыкова, Богдан Яцук, Әлім мен Абай Абзалұлы, Қаражар ауылындағы мектептің 1-сынып оқу­шылары Сырым Темірәлі, Інжу Серікбай, Айлана Рашидті ерекше қуантты. Балаларға банктің арнайы жасыл түсті қорапшасына салынған оқу құралдары, сөмкелерді сыйға берді. Бұған дейін аудандағы мектептерге 21 дана жылжымалы бактерицидтік шам алынған болатын. Бұл шамдарды алуға «Рахмет» шаруа қожалығының басшысы Жасыбай Нығманов демеушілік жасаған-ды.

Ата-аналар «Халық банкі» АҚ қашанда атына заты сай болсын деп, балаларына қуаныш­ты көңіл-күй сыйлаған қаржы институтының жергілікті ұжы­мы­на, демеуші кәсіпкерге алғыс айтады.

 

Павлодар облысы,

Баянауыл ауданы