• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қыркүйек, 2020

Қысқа дайындық қызған шақ

371 рет
көрсетілді

Қылышын сүйретіп қыс келе жатқанда қала басшыларын қатты әбігерге салатын дүние – тұрғын үйлердің қысқа дайындығы. Әсіресе, сары аязы сақылдап тұратын Петропавл қаласының қысқа дайындығы осы күндері күн тәртібінен түспейді.

Қала әкімі Болат Жұма­беков жуырда ғана қысқа да­йын­далу мүмкіндігі төмен үйлерді аралап, тұрғындармен кездесті.

«Қысқа дайындықта пә­тер иелері кооперативтері­нің басшыларына ғана қарап отыра беруге болмайды. Әрбір тұрғын бұл іске белсенді араласуы керек. Мына үйде ПИК те құрылмаған. Ыстық судың қысымын тексеруге де үй да­йын емес. Сондықтан бәріңіз бірлесіп, қысымды тексеруге дереу ақша жинауларыңыз керек», деді ол Маяковский көшесіндегі №93 үйдің ауласында тұрғындармен кездескенде.

Ал үйдің ПИК-сіз, қоғам­дық негізде сайланған басшысы Г.Дәрібаева тұрғындар­дың қысымды тексертуге қажет­ті 35 мың теңгені жинап бере алмай отырғанын айтты. Әкіммен кездесуге келгендер мұндай жайбасарлықты қойып, өзге емес өздері үшін дереу ақша жинауға уәде­ле­рін беріп тарқады. Бар­лы­ғы 140 пәтердей болатын үйдің айналасы 35 мың тең­гені жинап бере алмай отыр­ғаны ақылға сыймайтын іс. Г.Дәрібаева тұрғындар­дың әлі де масылдық пиғылда екенін айтты.

«Бізге әкімдік істеп беру­лері керек», дейді тұр­ғындар. «Сенің пәтерің жеке­меншік, неге саған әкімдік жасап беруге тиіс», деп олармен үнемі таласып жатамын», дейді ол.

Жалпы, Петропавл қала­сында 1 090 көпқабатты үй бар. Соның 1022-сінде бүгінге дейін су қысымына дайындық тек­серілді. Қалған үйлер әкім­діктің қадағалауына алынып, ондағы жұмыстың тезірек атқа­рылуы тексерілуде. Тек қана дайындық паспор­ты қолдарында тұрған үйлер­ге ғана жылу беріледі деп жылу орталығы да құлақ­тан­дыру­ларын ілуден танар емес.

Қала әкімдігі 2019-2020 жыл­дардағы қысқы мау­сым­да жылу бойынша түс­кен арыз-шағымдарды тек­се­ріп, онда көрсетілген ол­қы­­­лықтар бойынша шара­ белгілеуде. Барлық 179 ша­­ғымды көтергенде биыл да сол үйлердің 74-інде был­тырғы жағдай жалғасып келе жатқаны анықталды. Бұл үйлер су қысымын тексеруге асығар емес, әлі күнге да­йын­дық паспорттарын ал­ма­ған. Міне, осы үйлер әкімдіктің қатаң қадағалауына алынғанының нәтижесінде 42 үйде қысымды тексеру жүр­гізілді.

Жоғарыда айтқаны­мыз­дай, орталықтан жылыты­латын 1022 үй жылу қабыл­дауға дайын болып, паспорттарын алды. Бұл барлық үй­дің 93,3 пайызы деген сөз. Был­тырғы сәйкес мерзіммен са­лыс­тырғанда, бұл – озық көр­сеткіш. Былтыр дәл осы уақытта 723 көп қабатты үй ғана дайындық сапына қо­йылған еді. Демек, биылғы да­йындық былтырдан 27,4 па­йызға жоғары болып отыр. Дайындық жұмыстары 20 қыркүйекте аяқталады деп белгіленген. Кейінгі үш жылда ол 23 қыркүйекке дейін созылып, жылу беру маусымы үш күнге кешіктірілуде. Қыр­күйектің қара суығы жедел түсіп кетсе, бұл күндері жас баласы және қарт адамдары бар үйлер бүрсең қағады.

Қалаға жылу беретін «Пет­ропавл жылу жүйелері» ЖШС жылу беру маусымына негізінен дайын. Өздерінің бағдарламасына сәйкес олар жылу беруді алдымен ба­ла­бақшалар, емдеу және оқу орындарынан бастайды. Со­дан кейін қаланың шағын аудан­дарынан бастап жылу бере­ді. Биылдың жылу баға­сын монополияға қарсы коми­тет г/каллориясына 2 740 тең­ге көлемінде бекіткен.

«Петропавл жылу жүйе­лері» ЖШС биыл 14 шақырым жылу беру жүйелерін жаңар­туды жоспарлаған. Қазір со­ның негізгі бөлігі аяқталды. Бірақ өздері алдағы уақытта жаңарту жұмыстарын арттыру қажеттігін айтады. Бір айтарлығы, серіктестік өкіл­дері бекітілген тарифтің тым төмен екендігін алға тартады. Мәселен, кәсіпорынның бас директоры Андрей Калиничев жылу жүйелеріндегі барлық жабдықтардың 70 пайызға, магистральдық жүйелердің 76 пайызға тозғандығын айтады.

«Біз жыл сайын кем дегенде 18,4 шақырымның құбырларын ауыстыруымыз керек. Өкінішке қарай, біз бүгін­гі тарифпен бұл жұмыс­тар­ды атқара алмаймыз», дейді ол.

Қалай десек те еліміздің Солтүстік қақпасы қыс маусымын қарсы алуға негізінен дайын деп айта аламыз.

 

Солтүстік Қазақстан облысы