Спорттық шыңға өрмелеу спортынан еліміздің үздік спортшысы Ришат Хайбуллин Чехия біріншілігінде үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Болдерингтен сынға түскен Хайбуллин алдына әлем мықтыларын ғана жіберіп, қола жүлдеге ие болған. Бірінші орынды Адам Ондра, екінші сатыны Мартин Старник иеленді. Айта кетелік, Ришат Хайбуллин спорттық құзға өрмелеуден 2019 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанып, Токио Олимпиадасының лицензиясын еншілеген.
Бүгінде Ришат карантиннен кейін басталған әлем кубогі кезеңдерінде сәтті өнер көрсетіп жүр.