• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2020

Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаларды әшкереледі

176 рет
көрсетілді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен құрылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарламаларды әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа ақпараттық ресурс жұмыс істегелі бергі 2 ай ішінде 91 жалған хабарламалардың теріске шығарылуы жарияланды, ал 37 тақырып бойынша түсініктемелер берілді.

Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиа алаяқтықпен байланысты болды.

Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасулар мен түсінбеушіліктердің деңгейін төмендету, сонымен қатар оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын еске салу үшін жасалды.