• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қыркүйек, 2020

Петропавл Интернационалды ұлықтап отыр. Неге?

1291 рет
көрсетілді

Петропавлдадың орталығындағы ең үлкен көшелердің бірі – Интернационал деп аталады. Есесіне бұл қалада қазақ халқының көсемдері, ұлтына өлшеусіз еңбек сіңірген Абылай хан, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов және тағы басқа бірде-біреуінің атында көше атаулары жоқ. Жергілікті басшылар тәуелсіздік алғанымызға 30 жылға таяп қалса да тарих сахнасынан өшкен, өзіміз мұраттарынан бас тартқан коммунистік идеологияның атауларын өзгертуге батылдары бармай-ақ қойды.

Интернационал – пролета­риат­тың халықаралық гимні. Осы атау 1919 жылы құрылып, 1943 жылы таратылған халықаралық про­летариаттар ұйымы – Ком­му­нис­тік интернационалға (Комин­терн) берілген. Ол барлық әлемде со­циализм құруды көздеген ком­мунистік партиялардың халық­ара­лық орталығы. Әдетте бұл пар­тиялар парламенттік жолмен, халық­тың көпшілігінің сайлау­да қолдау жолымен жеңіске жету­ді емес, тек төңкеріс, қанды қыр­ғын­мен жеңуді мұрат тұтады. Соның ішінде террористік әрекеттер жасаудан да бас тартпаған.

Айтпақшы, Петропавлда Интер­национал ғана емес, Комин­терн аталатын көше де бар. Ал Коминтернді кім қаржылан­дыр­ған дегенге келетін болсақ, ол не­гі­зінен Кеңес Одағының бюд­жеті­нен бөлінген қаражатқа күн көр­ген. Сталин шетелдік ком­му­нис­тік партияларды идеоло­гия­лық ұстанымдары үшін ғана емес, олардың елдері Кеңес Ода­ғы­на шабуыл жасайтын болса, ха­лық­ты көтеріп, барлық жұ­мыс­шы­ларды өз өкіметтеріне қарсы шығарып, сыртқы соғысты азамат соғысына айналдыру туралы нақты тапсырманы орындау үшін қаржыландырған. Сол үшін Францияның, Германияның, Англияның, АҚШ-тың, Италия­ның және т.б. елдердің компартияларына ақшаны аямай төккен. Егер бүгінгі күннің көзқарасымен қарайтын болсақ, бұл барлық елдерде «бесінші колонна» құрып, іштен іріткі салу деген сөз. Басқа сөзбен айтқанда, бөтен елдің ішкі ісіне араласу. Коминтерн арқылы Кеңес өкіметі түрлі елдердің ком­мунистік партияларынан жасақ­тар ұйымдастырып, оларды қа­руландырып, әскери және пар­тизандық бүлдіргі әрекеттерге де бау­лыған. Мәселен, 1924-1936 жыл­дары Мәскеу түбіндегі «Подлипки» шипажайында Ко­мин­терннің жоғары диверсия­лық-барлау мектебі болған.

1928 жылғы Коминтерннің VI конгресі барлық шетелдік ком­партиялардың алдына «бар­лық еңбекшілердің отанын» қорғау бірінші кезек­тегі міндет екенін ашық жария­л­а­ған. Осы конгресте жергі­лікті коммунистік партия­лар «халық­аралық коммунистік қозға­лыстың» мүддесіне тікелей бағынып, астыртын әрекет жасап, қарулы көтерілістер ұйым­дас­тырып, елдің ішінде азамат со­ғысын туғызуы туралы шешім қабылданған. Демек, компар­тия­лардың бәрі өз елінің емес, Кеңес Одағы коммунистік партиясының бағы­нысындағы КСРО-ның мүд­десін қорғауы керек. Әрине, бұл кез келген елдің тұтастығына іріт­­кі салу деген сөз екені көрі­ніп тұр. Комин­терн осыны талап ет­­кен. Соның ішінде, 1927 жылы Ко­мин­­терн Германияда социа­листік төңкеріс жасамақшы болып, 133 мың адамдық «қызыл гвардия» ұйымдастырып, үлкен қантөгіс жасаған.

Қашан таратылғанша бұл ұйым шетелдердің ішкі ісіне араласуын қоймай, өз өкіметіне қарсы әрекеттер жүргізіп келді. Кеңес­тік насихат қана оның іс­терін асыра мақтап, халық­тың құ­лағына жалған насихат­ты құйып бақты. Соның ішін­де Ко­мин­­терннің В.Пик, О.Куу­си­нен, Г.Димитров, К.Гот­вальд, Э.Тель­ман, Д.Ибаррури, Д.Ман­уиль­ский, П.Тольятти және басқа да көшбасшылары Кеңес халқына ұлттық батырлардай таныстырылды. Олардың атына көшелер, пионер ұйымдары, қоғамдық мекемелер, тіпті қала, адам аттары да берілді. Тельман есімді жандар қазақ арасында да бар.

КСРО-ның компартия көш­­басшылары 1937-1938 жылдардағы қанды қырғында Коминтерннің басшыларын да аяған жоқ. 1937 жылы Германия компартиясының лидерлері Х.Эберлейн, Г.Реммеле, Г.Ной­ман, Югославияның компартия басшылары М.Горкич, М.Фи­­лип­пович, В.Чопич, Венг­рия­­дан шыққан халықаралық ком­­мунистік қозғалыстың қайрат­кері Бела Кун, сондай-ақ Поль­ша ком­­мунис­терінің бас­шы­­лары Э.Прухняк, Я.Пашин, Ю.Лен­ский, Грекия компар­тия­сының басшысы А.Каитас, тіпті Иран ком­пар­тиясының бас­шысы А.Сұлтан-Заде және т.б. комму­нис­тік мұ­ратты бойы­на сіңірген Комин­терн­нің бел­сен­ді қайраткерлері репрессия құр­баны болды.

Көптеген дамыған елдерде ком­мунистік партияның ұран­дары өтпейтініне, сондықтан Ко­­мин­­терннің қаражатты желге шашқаннан басқа пайдасы ша­малы екеніне көз жеткізген Ста­лин оны 1943 жылдың мамыр айын­да таратты. Батыстағы демо­кра­тиялық жүйемен дамыған Анг­лия, Америка сияқты одақтас ел­дер­дің де екінші майдан ашу үшін алға қойған шарттарының бірі де осы болатын. Сондықтан Ста­лин: «Опыт показал, что и при Марк­се, и при Ленине, и теперь невоз­можно руководить рабочим движением всех стран мира из одного международного центра» деп жазып, Коммунистік интернационалды таратқан еді...

Ал енді осы Коммунистік ин­тер­­националдың бізге қандай қатысы бар? Оның атын мәңгілік сақ­тайтындай Қазақстанға қан­дай еңбек сіңіріпті? Жал­ғыз-ақ «пайдасы» олардың террористік әре­­кет­­терін жасауға өзі де кедей ел хал­қының аузынан жырып алтын-валюта қорын шаш­қан­дығы ғана емес пе? Сол миллион­даған дол­ларға кезінде шетелден азық-түлік, киім-кешек сатып алынса, бәлки Қазақстанда 1931-1933 жылдардағы аштық болмай, жарты халқымыз қырылмас еді.

Ендеше неге еліміздің Солтүс­тік өңірінің басшылары Комин­терннен бас тартып, өзіміздің елі­мізге қатысты бір есімді, со­ның ішінде қазақ халқына жан-тәні­мен бастарын бәйгеге тігіп қыз­мет еткен Абылай ханның, Ә.Бө­кей­х­анның және т.б. бірінің аты­на қала­дағы басты көше – Интер­на­­цио­налды алып бермейді. Кім­нен қорқады, неден үрке береді?

Сондай-ақ кезінде заңды өкі­метке террористік жолмен қа­стан­дық жасаған Халтурин, Красин сияқ­ты лаңкестердің атында да біз­­де көше бар. Бұлардан Украи­на мен Ресейдің өзі баяғы­да-ақ бас тартқан. Тек кейбір про­вин­циал­­­дық елді мекендерде ғана олар­­­дың есімі қалған. Ал біз­дің бір өңі­ріміздің білдей орта­лы­ғын­­да олар­дың есімі әлі де жар­қы­­рап тұр. Ол ол ма, 5-я армия, Пар­­ти­­зан, Крепостная деген сияқ­ты атау­­лар да самсап тұр. Есе­сіне заңғар жазушы­мыз С.Мұ­қанов­тың атына берілген аудан атын ауыс­тыруға әлі күнге жоға­ры­дан рұқ­сат жоқ. Төменнен шешіл­­ген бар­­лық мәселені жоғар­ғы жақ­тың неге тежеп отыр­ғаны тү­сі­­нік­сіз. Сондай-ақ Сма­ғұл Сәд­уа­қасов­­тың, Ербол Шәй­мер­денов­тің, Мә­лік Мұқановтың және т.б. аты­на көше­лер беру тура­лы сұра­ған өті­ніш­­­теріміз де әлі ше­­шіл­ген жоқ. Осы­­ларға қарап Петро­павлды тәуел­сіз Қазақ­стан­ның басты қала­лары­ның бірі деп атаудың өзі қиын.

Тәуелсіздіктің тұғырын бекі­тіп, саналар сілкінтуге тиісті осын­дай істердің неге алға бас­пай­тындығын білмей пұшай­ман болдық.

 

Петропавл