• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Туризм 24 Қыркүйек, 2020

Саяхаттауға қауіпсіз қалалардың қатарында

495 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесі жариялаған планетада саяхаттауға қауіпсіз 100 мекен тізіміне енді. Бұл туралы Travel Daily Media басылымы хабарлады.

 

 

Басылымның жазуынша, Дүниежүзілік сая­хат және туризм кеңесі (WTTC) үш ай ішінде «қауіпсіз саяхат» мәртебесін алған 100 бағыт туралы жариялаған. Оған ТМД елдерінен Қазақстан, Ресей және Украина кірген. Фи­липпиннің барлық қалалары саяхаттауға қауіпсіз деп танылған. Ал қауіпсіз саяхат (Safe Travels) белгісі Қазақстан қалалары ішінен тек елордамыз Нұр-Сұлтан қаласына ғана берілді.

Сонымен қатар Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесі бекіткен қауіпсіз саяхат орындарының тізіміне Түркия, БАӘ, Мальдив аралдары, Бермуд және басқа да танымал курорттық бағыттар бар.