• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Қыркүйек, 2020

Тепловозда сұйытылған газды қолдану туралы келісімге қол қойылды

167 рет
көрсетілді

«ҚазТрансГаз» АҚ еншілес компаниясы «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Табиғи газды мотор отыны ретінде пайдалануды өрістету жөніндегі 2019-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Үкіметтің 2018 жылғы 29 қарашадағы №797 қаулысын назарға ала отырып, газды-дизельді қозғалтқышы бар тепловоздарда сұйытылған табиғи газды (бұдан әрі – СТГ) қолдану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бас инже­нері Батыр Котырев және «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры (басқарма төр­а­ғасы) Алик Әшіров қол қойды. Келісім СТГ-ні дизельді қоз­ғалт­қышы бар тепловоздарда қолдану, сынақтарды өт­кізу және СТГ-ні жеткізу орын­дарын айқындау бойын­ша жүйелерді енгізу жоспарын әзірлеу мен іске асыруға бағытталған шаралар кешендерін қамтиды. Келісімді іске асыру шеңберінде ақпаратпен, ұсыныстармен, идеялармен және пікірлермен өзара алмасу үшін жұмыс тобы құрылды.

Б.Котырев «ҚТГ» ҰК» АҚ әркез жұмыста озық тех­ноло­гияларды қолдана отырып уақыт талабынан қалмау­ға ты­рысады әрі тек қана сенімді серіктестермен ынты­мақ­та­сатындығын айтты. Сұйы­тыл­ған газ, бұл үнемді, ең бастысы экологиялық отын және оны тепловоздарда қолдану тек қана оң нәтижелер көрсетуі тиіс.

«ҚазТрансГаз» АҚ елдің кө­лік секторын жаңғырту және оны дизельді отыннан табиғи газға ауыстыру бо­йынша үлкен жұмыс атқа­руда екендігін ескеру қажет.  Алматы, Талдықорған, Шым­­кент, Түркістан, Тараз, Қы­зыл­орда, Ақтөбе, Атырау қала­­ла­ры әкімдіктерімен муни­ципальдық техниканы және әлеу­­меттік автобустық парк­терді экологиялық отынға ауыс­тыру туралы келісімдер жаса­лып қойды. Бұдан бөлек, елдің негізгі автомагистральдарында автомобильдік газ тол­тыру компрессорлық стан­салары, криогендік автомо­бильдік жа­нар-жағар май стан­саларының желі­лерін кеңейту жобаларына, аз тонналы зауыттарда СТГ-ні өндіру бойынша инновациялық жобаларға бас­тама жасалды және іске асырылуда.