Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Tengri Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтем төлеу шарасы басталатындығын хабарлайды.
«Tengri Bank» АҚ салымшылары (жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер) 2020 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде агент банк – «Еуразиялық банк» АҚ филиалдары немесе бөлімшелеріне жүгініп, төлем алуға өтініш толтыра алады. Салымшы агент банкке жеке басын куәландыратын құжатпен баруы тиіс. ҚДКБҚ агент банктің кепілдік берілген өтем төлеу кезеңін ұзартуы мүмкін.
Агент банктің барлық қалалардағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары және жұмыс тәртібі туралы ақпарат eubank.kz ресми сайтында және банктің анықтама қызметінде қолжетімді: +7 (727) 332 77 22, +7 (771) 000 7722, +7 (700) 000 7722, +7 (702) 010 7722.
Агент банк арқылы өтем төлеу аяқталған соң, «Tengri Bank» АҚ салымшылары төлем алу жөнінде тікелей Қорға өтініш бере алады.
Төлем тәртібі және кепілдік берілген өтемнің максималды сомалары туралы мамандардың ақыл-кеңестерін мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: 1460 (қоңырау шалу тегін).