• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қыркүйек, 2020

Қазақстанға келген жолаушылар арасында коронавирус жұқтырғандар жоқ

183 рет
көрсетілді

Елімізге келген жолушылар арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелмеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Министрлік қазіргі уақытта Қазақстанға көліктің әртүрлі түрімен келіп жатқан жолаушылар бойынша жағдайды бақылауда ұстап отыр. Қазір Қазақстанға жолаушылар екі жолмен – автокөлікпен немесе ұшақпен келеді. 24 қыркүйекте біздің елге ұшақпен 2 127 адам келді. Оның 2008-і – әуе жолаушылары болса, 119-ы экипаж мүшелері. Аталған жолаушылардың ішінде 479 адамда ПТР-тест анықтамасы болды. Ешкім де ауруханаға жатқызылған жоқ. Себебі олардың ешбірінен коронавирус инфекциясы анықталмады", деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында 8 білім ордасында коронавирустың 12 жағдайы тіркелгенін хабарлаған едік.