Қараша айының 29-ында Санкт-Петербургте (Ресей) «Қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарийлердің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.
Қараша айының 29-ында Санкт-Петербургте (Ресей) «Қазіргі әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарийлердің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтеді.
Оған ұйытқы болған Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы. Кеше Мәжілісте палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен ұйымдастыру комитетінің жиыны өтіп, қатысушылар форумның күн тәртібіне қатысты ұсыныстарды қарап, олардың өткізілу жағдайларын сараптады.
Конференция бағдарламасында жаһандық қауіпсіздік, ядролық қарудың заңсыз айналымына және өндірісіне жол бермеу, ядролық материалдарға сенімді бақылауды қамтамасыз ету, таратпау, басқа да іс-әрекеттерде парламентарийлердің үлесі сынды және басқа да тақырыптарды қамту көзделіп отыр.
Ұйымдастыру комитеті мүшелеріне сөзін арнаған Нұрлан Нығматулин: «Бұл конференцияның біз үшін маңызы өте зор. Себебі, халықаралық парламентшілердің ерекше назарында тағы да Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ядролық қауіпсіздік жолындағы әлемдік бастамалары болады», деді.
Жиналғандар бұл шараның ядролық қауіпті жою және ядросыз әлем құру жолында күш біріктіруде жаңа қадамдар жасауға зор үлес қосатынына сенімді, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.