• RUB:
    5.28
  • USD:
    481.63
  • EUR:
    534.46
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Қазан, 2020

Эстафета бағыты жарияланды

95 рет
көрсетілді

Токио Олимпиада алауының эстафетасы 2021 жылдың 25 наурызында бас­талады. Фукусима префектура­сынан басталып, 121 күн бойы Жапонияның 47 префектурасын аралайтын алау бағыты өзгерген жоқ.

2021 жылы шығыс Жапониядағы жер сілкінісіне он жыл болады. Табиғи апаттан зардап шеккен аймақтар бүгінде қалпына келіп үлгерген. Ұйымдастырушылар жер сілкінісінен мейілінше көп зардап шеккен аймақтардың қазіргі келбетін көпшілікке көрсетуге мүдделі. 9 шілдеде алау Токиодағы Олимпиадалық стадионға әкелініп, 23 шілде күні ойынның ашылу салтанатында тұтанады. Коронавирустан қорғану талаптары туралы ұйымдастырушылар кейінірек хабарлайды.

 

Соңғы жаңалықтар