Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД байқаушылары миссиясының құрамында 2013 жылғы 6 қарашадағы Тәжікстан Республикасы президенті сайлауының барысын байқауды жүзеге асырды.

5 қарашада Қазақстанның Ортсайлаукомы басшысы Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Ш. Шохиёнмен кездесті.
Аталған кездесу шеңберінде Тәжікстан Республикасы сайлау жүйесінің әртүрлі қырлары, сондай-ақ, ел президентін сайлау бойынша сайлау науқанының барысы талқыланды.
Кеше Қ.Тұрғанқұлов Душанбе қаласындағы бірқатар сайлау учаскелеріне барып, дауыс беру және дауыстарды санау рәсімдерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен, сайлау үдерісінің айқындығын және оның ұлттық сайлау заңнамасы нормаларына сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін олардың қолданатын шараларымен танысты.
Тәжікстан Республикасы президентінің сайлауын байқауды Қазақстан Республикасының 23 өкілі жүзеге асырды, олардың 19-ы ТМД-дан байқаушылар миссиясының құрамына, 2-еуі ШЫҰ-дан миссия құрамына және 2-еуі ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан байқаушылар миссиясының құрамына кірген еді.
«Егемен-ақпарат».