Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Даррен Диц екінші жыл қатарынан еліміздің үздік хоккейшісі атанды.
Өткен жылы Қазақстан азаматтығын алған Канаданың тумасы Диц сауалдама қорытындысы бойынша 39 балл жинап, «Қазақстанның үздік хоккейшісі» атанды. Екінші орынды өткен маусымда «Барыстың» қақпасын қорғаған, қазіргі таңда Ярославльдің «Локомотив» клубының қақпашысы Эдди Паскуале (28) иеленсе, үздік үштікті Никита Михайлис (27) түйіндеді. Шілде айында 27 жасқа толған Диц 2019 жылы да Қазақстанның үздігі атанған.