• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 02 Қазан, 2020

Екі кездесуге шақырту алды

359 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы­ның бас бапкері Михал Билек Ұлттар лигасының алдағы ойындары­на ша­қырылған футболшылардың тізі­мін жариялады.

11 қазанда М.Билек шәкірттері Ал­бания құрамасын қабылдайды. Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Ал 14 қазаннан 15 қа­занға қараған түні Қазақ­стан сырт алаңда Бела­русь құрамасымен ой­найды. Осы ойындарға ша­қырту алған футболшылардың тізімі мынадай:

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Дмитрий Непогодов («Астана»), Владимир Плотников («Ордабасы»).

Қорғаушылар: А.Бейсебеков («Астана»), Ғ.Сү­йімбаев, Н.Әліп (екеуі де – «Қайрат»), М.Быс­­­тров («Ахмат», Ресей), Я.Вороговский («Беерс­хот», Бельгия), С.Малый, Т.Ерланов (екеуі де – «Тобыл»), А.Марочкин («Қайсар»), О.Ке­­рімжанов («Жетісу»), Т.Досмағамбетов («Ор­дабасы»).

Жартылай қорғаушылар: Б.Исламхан («Әл-Айн», БАӘ), Б.Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), И.Қуат («Химки», Ресей), Ю.Пер­цух («Астана»), А.Әбікен («Қайрат»), А.Та­ғыбер­ген, Д.Нәрзілдаев (екеуі де – «Қайсар»), В.Васильев («Рух», Беларусь).

Шабуылшылар: А.Айымбетов («Қай­рат»), А.Щёткин («Астана»), М.Федин («Қайсар»), А.Жақсылықов («Жетісу»).