• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Теннис 02 Қазан, 2020

Бар үміт Рыбакинада

98 рет
көрсетілді

Теннистен Парижде өтіп жатқан «Ро­лан Гаррос» турнирінің екінші айналы­мында бақ сынаған үш бірдей отан­да­сымыз қарсыластарынан жеңіліп, жа­рысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Бірінші болып кортқа шыққан Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 131-орында тұрған аргентиналық Надя Подорошкамен кездесіп, үш сетте (6:3, 6:1, 6:2) жеңіліп қалды. Ерлер арасындағы бәсекенің алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 15-орында тұрған италиялық Фабио Фоньиниді жеңген Михаил Кукушкин екінші кезеңде рейтингте 105-орында тұрған испаниялық Педро Мартинес Портеромен кездесті. Бұл бәсекеде қазақстандық теннисшінің ойыны мүлдем жүрген жоқ. Жерлесіміз үш сетте (6:3, 6:1, 6:0) есе жіберді.

Сонымен қатар әлемнің 9-ракеткасы франциялық Гаэль Монфисті ұтып, сенсация жасаған Александр Бублик екінші кезеңде әлемнің 46-ракеткасы италиялық Лоренцо Сонегоны жеңе алмады. Үш сетке созылған матчта жерлесіміз 6:7, 1:6, 5:7 нәтижесімен жол берді. Осылайша, бүгінге дейін төрт теннисшіміз «Ролан Гаррос» жарысымен қош айтысты. Ендігі бар үміт еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинада. Екінші айналымда ол Франция өкілі Фиона Ферромен кездеседі.