• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2020

Жол-көлік оқиғасында зейнеткер зардап шекті

130 рет
көрсетілді

Петропавлда жолды велосипедпен белгіленбеген жерден кесіп өткен 72 жастағы зейнеткерді көлік соқты. Бейнекамерадан жүргізуші жаяу жүргіншіні өткізгенін, екінші жүргізуші тоқтауға үлгермегенін көруге болады. Жол-көлік оқиғасы Жамбыл көшесінде орын алған. Жедел жәрдем жәбірленушіні түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізген. Медициналық куәландыру "Volkswagen Passat" көлігінің 29 жасар жүргізушісінің сау болғанын көрсетті.

"Жыл басынан жолдарда жаяу жүргіншілер тарапынан 4 мыңдай құқық бұзушылық анықталды. Жолдағы қайғылы оқиғалар көп жағдайда жол қозғалысы ережелерін бұзуынан, оның ішінде жолды белгіленбеген кесіп өтетін жаяу жүргіншілер себепші болып жатады", - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жаяу жүргіншілер жолды жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен кесіп өтеді, көру аймағында өткел немесе жол қиылысы болмағанда жолдың жүру бөлігінің шетіне тік бұрыштап, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден жолды кесіп өтуге болады.

СҚО-да жыл басынан жаяу жүргіншілердің кінәсінан 10 астам жол-көлік оқиғасы орын алды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы