• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қазан, 2020

Дәмхана кассасынан 126 мың теңге ақша ұрлаған

181 рет
көрсетілді

Жұрт дәмханаға тамақ ішуге келсе Петропавлдың бір тұрғыны ақша ұрлауға келіпті. Ол кассирдің көзін ала беріп, кассадағы барлық ақшаны қақшып кеткен. Осы «Креветка» дәмханасының әкімшісі кассадан 126 мың теңгенің қолджы болғанын полицияға жеткізгенде ұры ізін суытып үлгерген еді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қарақшылық үшін сотталған Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұл ұрлықты ашуға криминалистер зор үлес қосты. Жауап алу кезінде күдікті кассадан ақша ұрлағанын растады. Сол күні ол дәмханаға екі танысымен барған. Барда ешкімнің жоқ екенін байқаған ол кассаға арам қолын сұғып жіберген екен...

Қазір оның үстінен ҚК «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

ПЕТРОПАВЛ