Үстел теннисінен неміс бундеслигасында сынға түсетін Кирилл Герасименконың командасы үшінші айналымда жеңіске жетті, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Бремендік «Вердер» клубында ойнайтын Герасименко «ТСВ Бад-Кенигсхофен» клубының намысын қорғаған Килиан Ортоны 3:1 есебімен жеңіп кетті. Килиан жастар арасындағы Еуропа чемпионы атанған азулы қарсылас екенін айта кеткен жөн. Кездесу нәтижесі бойынша «Вердер» 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.