Еліміздегі балық шаруашылығының жағдайы ешқандай сын көтермейді. Соңғы 25 жылда балық аулау көлемі үш есеге жуық, 100 мың тоннадан 36 мың тоннаға дейін азайып кетті. 2012 жылдың қорытындысы бойынша қолдан өсірілген тауарлы балық өнімдері 1 мың тоннаға да жетпейді. Қазіргі уақытта республикамызда балық өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда жылына, тағамтану институты ұсынып отырған 14,6 кг. мөлшерінің орнына, 5,2 кг. болып отыр. Саланың қанағаттанғысыз жағдайына бүгінгі күні елімізде балық шаруашылығы саласын дамытудың ұзақ мерзімді салалық бағдарламасы болмауы кері әсерін тигізуде.

Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы бекітілді. Үкіметтің 2013 жылғы 6 тамыздағы №750 қаулысымен «Жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, онда Балық шаруашылығын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу көзделген. Бұл бағдарламада саланы басқару жүйесінің тиімділігін арттыру негізінде балық шаруашылығын дамыту, нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, балық ресурстарын қорғау және молайту, ғылыми және өндірістік кадрларды дайындау бойынша шаралар көзделу қажет. Сонымен қатар, балық өсіру кешені кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын ең бағалы, аз және жойылып кету қаупі төнген балық түрлерін өсіруге бағыттай отырып қайта жаңғыртуды жоспарлау керек.
Сөйтіп, бағдарлама балық шаруашылығын ұзақ мерзімге сатылап дамытудың бағыт-бағдар анықтауы айқындауы тиіс. Сондықтан да сапалы және халықаралық тәжірибеге негізделген бағдарлама әзірлеу үшін мақсатты түрде белгілі бір мөлшерде бюджеттен қаражат бөлінуі қажет деп есептейміз. Бұдан басқа, 8 облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларын қаржыландыру, әсіресе, жанар-жағармай сатып алуға, аумақтық инспекцияларды материалдық-техникалық жарақтандыруға бөлінетін қаржы жеткіліксіз екенін атап көрсетеміз. Бір ғана мысал, соңғы үш жыл бойы аумақтық инспекцияларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жанар-жағармайға деген сұраныстың тек 20 пайызын ғана өтеп келеді. Бүгінгі күні аумақтық инспекциялардың негізгі құралдарға деген қажеттілігі 2 млрд. теңгеден асып отыр, оның ішінде, тек 2 теңіз кемесін сатып алудың өзіне ғана 1,4 млрд. теңге керек екен, ол қаржыны 2015 жылға белгілеу қажет.
Үкімет осы мәселелерді қаперге ала отырып, балық шаруашылығы саласына төмендегі мөлшерде қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру жөнінде тиiстi мемлекеттiк органдарға тапсырма берсе, ұтарымыз күмәнсіз:
1). 2020 жылға дейінгі балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу үшін – 200,0 млн. теңге.
2). Аумақтық инспекцияларды жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге 2014-2016 жылдарға – 544,1 млн. теңге.
3). Аумақтық инспекцияларды материалдық-техникалық жарақтандыруға 2014-2016 жылдарға – 2142,9 млн. теңге.
Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,
Сенат депутаты.