Біздің елде мұндай да әділетсіздікке жол беріледі деп ойламайтын едім. Алайда, осы бір жағдай өз басымнан өткен соң ешнәрсеге де таң қалудың реті жоқ екенін түсіндім. Себебі, Қорғаныс министрлігінің 19132-әскери бөлімінде есепші болып жұмыс істеп жүрген мені аяқ астынан жұмыстан қуып шықты. Иә, солай, кәдімгі алды-артыма қаратпай, тексеріс жасамай менен кассаны тартып алып, «Еңбек кодексінің 54-бабы, 1-тармағының 10-тармақшасы бойынша жұмыстан боссың», деді. Сөйтіп, екеуі кәмелет жасына да жетпеген, ал ең кішісі 3 жасқа толмаған үш баламмен жұмыссыз далада қалдым. Басшылық мұндай қатыгездікке баратындай мен не істеп қойды дейсіз ғой.

Мен жұмыстағы кейбір қызметкерлердің орынсыз әрекеті туралы Қорғаныс министрінің блогына хат жазғам. Сөйтсем, бұлай істеуге болмайды екен, басшылық менің соңымнан жарық күнде шам алып түсті. Ақыры бөлім командирі қолындағы билікті пайдаланып, далаға лақтырып тастады. Ал аталған заң бойынша 3 жасқа толмаған баласы бар ананы жұмыстан ешкім де босатуға тиіс емес еді. Тіпті, маған басқа жұмыс ұсынуға да тиіс еді, ол да болған жоқ. Ал, ең бастысы, мені жұмыстан босату туралы 54-баптың 1-тармағының 10-тармақшасы тексеру мен дәлелді қажет етеді. Мұндай баппен босатқаны туралы тек қолыма Еңбек кітапшасы тигенде бір-ақ білдім. Енді мұны қалай түсінуге болады? Біздің елде мұндай жағдайдың ақ, қарасын анықтап, әділдікті қалпына келтіре алар мекеме, сөйтіп, бұзылған адам құқы орындалар күн бар ма екен?
Ардақ БЕКМАҒАНБЕТОВА,
19132-әскери бөлімнің бұрынғы қызметшісі.