• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
09 Қараша, 2013

Денсаулық сақтауға бағытталған

220 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда медициналық ғылымның қарыштап дамуы сырқатты емдеу мен оңалту аясында ғана емес, сондай-ақ, оларды диагностикалау мен жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызуда. Бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі шешім қабылдаудағы жаңа серпін мен өзге де ережелердің бар екендігінің көрінісі.

 

Қазіргі таңда медициналық ғылымның қарыштап дамуы сырқатты емдеу мен оңалту аясында ғана емес, сондай-ақ, оларды диагностикалау мен жаңа тәсілдердің пайда болуына мүмкіндік туғызуда. Бұл денсаулық сақтау жүйесіндегі шешім қабылдаудағы жаңа серпін мен өзге де ережелердің бар екендігінің көрінісі.

Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін көтеру және соң­ғы практикалық мақсат – тұрғын­дардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу мақсатында пайдаланылатын медициналық технология­ларды бағалау (бұдан әрі – МТБ) сияқты құралдарды денсаулық сақтаудағы шешім қабылдау үдерісіне енгізу Қазақстан Рес­публикасы бойынша жаңа меди­циналық технологиялардың таралуына қарқынды түрде үлес қосуда.

Халықаралық практикада МТБ есептерін қалыптастырып, оларды кеңінен қолдану күнделікті клиникалық тәжірибеге жаңа медициналық технологияларды таратуда уақытылы шешім қабылдауға септігін тигізетінін көрсетіп отыр.

Адам әлеуетінің деңгейлерін арттырудың негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жа­ңа саяси бағыты» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында көр­се­тілгеніндей, еліміздің бар­лық аума­ғын­да медициналық қызмет­тердің бірыңғай стандарттарын енгізу, медициналық көмекке қолжетімділікті және оның сапасын арттыру болып табылады.

Қазіргі таңда елімізде ме­­ди­­циналық қызметтердің сапасын арттыру аясында «Саламатты Қа­зақстан-2015» мемлекеттік бағ­дарламасы іске асырылуда.

Қазақстан Республикасы Үкі­­метінің және Халықаралық Банк­­тің бірлескен бастамасымен стра­­тегиялық серіктестік шең­­бе­рін­де елімізде «Қазақстан Рес­публикасының денсаулық сақ­тау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру жүргізілуде.

2012 жылы Қазақстан Респуб­ликасы Денсаулық сақтау минис­трлігінің «Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орта­лы­ғы» шаруашылық жүргізу құқы­ғындағы республикалық мем­лекеттік кәсіпорнының базасында құрылған Денсаулық сақтау қызметтерін дамыту және медициналық көмекті стандарттау орталығында МТБ бойынша сарапшылардың базасын қалыптастыру және МТБ жүргізу үшін оларды тарту мақсатында еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу орталықтарының 150 маманы оқытудан өтті. Сонымен бірге, МТБ мәселелері бойынша халықаралық тәжірибелі мамандарды тарту арқылы тақырыптық тренингтерде оқыту жолымен 2015 жылға дейін МТБ жөнінде сарапшылардың әлеуетін жетілдіру жоспарлануда. Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырушыларды МТБ нәти­желеріне негізделген шешім қабылдаудың түрлі деңгейлеріне оқыту ойластырылуда. Қазақстанда МТБ-ны жүргізу халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды.

Медициналық технологияларды бағалауды жүргізуге бастамашы ретінде шешім қабылдайтын тұлғалар да, сондай-ақ, технологияны пайдалануға мүдделі – дәрігерлер, пациенттер, өндіру­шілер де қатыса алады. Оның өңірлік орталығы (шетелде бұл толық МТБ агенттігі) мамандар-әдіскерлерден, ақпаратты жүйелі іздеу бойынша мамандардан (IT-кітапханашылар) фармакологтардан, экономистерден, клиникалық консультант-дәрігерлерден, эти­ка­лық комитет мамандарынан және бағалауға қажетті өзге де мамандардан тұрады.

МТБ есептері шеңберінде Қазақ­станда жүргізілген талдау­лар­дың нәтижесі балалар керең­дігі сырқаты кезінде унилатералды кохлеарлық имплантация­ны пайдаланудың клиникалық тиімділігі және экономикалық пайдасына клиникалық сенімділіктің дәлелі болып табылады. Сондай-ақ, жүрекке қан апаратын қан тамырларының дәрі-дәрмексіз стенті жүректің ишемиялық сыр­қаты бар науқастарды емдеуде дәрі-дәрмектік жабынды стентері сияқты тиімді екені дәлелденді.

МТБ негізінде шешім шыға­ру үдерісі Денсаулық сақтау минис­трлігінің белгілі бір меди­ци­налық технология бойынша шешім қабылдауын, оларды қаржыландыруды және практикада одан әрі іске асыруда наза­рын нақты заманауи және ашық тәсілдерге жұмылдыруды қамта­масыз етеді.

МТБ үдерісін пайдалану рес­пуб­ликамыздың денсаулық сақтау жүйесіне тиімді әсер ететін, ал бұл өз кезегінде тұрғындардың ден­сау­лығына оң септігін тигізетін шешім болып табылатындығы сөзсіз.

Темірхан ҚҰЛХАН,

«Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық

орталығы» РМК медициналық технологияларды

бағалау бөлімінің басшысы.

АСТАНА.

Соңғы жаңалықтар